2009 жылға Уәлиханов ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 47 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 сәуірде N 13-13-100 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 32 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2012.01.26 N 32 Қаулысымен

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабына7-бабы 2-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға Уәлиханов ауданы бойынша тұрғындардың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) 24 жасқа дейінгі жастар;
      2) 50 жастан кейінгі жұмыс істемейтін тұлғалар;
      3) 1 жылдан астам жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4) мекемелердің штаттарының немесе оның санының қысқартылуына орай босатылатын тұлғалар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) ағымдағы жылы оқуды аяқтаған оқу орындарының жиырма сегіз жасқа дейінгі түлектері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2009.04.13 N 47 Қаулысымен
      2. Уәлиханов ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Уәхитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады