Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 29.12.2012 N 02.12-06-09/362 хаты)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 жылға Уәлиханов ауданы бойынша ауыл шаруашылығының әр түрі бойынша субсидияланатын басым дақылдарын себудін оңтайлы мерзімін және субсидия алушылардың тізіміне енгізуге өтінім беру мерзімін анықтау туралы» 2012 жылғы 07 мамырдағы № 189 Уәлиханов ауданы әкімдігінің қаулысына (2012 жылғы 10 мамырдағы № 13-13-161 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 14 мамырдағы № 21 «Кызылту» және «Нұрлы ел» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М.Бейсембинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тұралинов