Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 22.10.2013 N 28 шешімімен
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына және «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының әкiмі ШЕШТІ:
1. 2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасы азаматтарын Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркелуі және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ш. Махатовқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тұралинов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігінің
«Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Ж.Омаров
2012 жылы 7 желтоқсан