"Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 19 желтосқандағы N 499 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қаңтарда N 2079 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 23 мамырдағы N 163 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 23.05.2013 N 163 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 3137-баптарына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Д.М.Бейсембинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Тұралинов

Солтүстік Қазақстан облысының
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 499
қаулысымен бекітілді

«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет регламенті 1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» Регламентінде (әрі қарай регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
      Құрылымдық-функционалдық бірліктер – бұл уәкілетті органның жауапты тұлғасы, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе оның кіші жүйесі (әрі қарай – ҚФБ);
      уәкілетті орган – «Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы, Уәлиханов көшесі, 82, электрондық пошта мекенжайы www.ozsp-ua.sko.kz, телефон 8-715-42-2-19-43 мекенжайында орналасқан «Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай – уәкілетті орган) ұсынылады.
      «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» - мемлекеттік қызметке мыналар жатады:
      1) «Адамдарға жастар практикасына жолдама беру»;
      2) «Адамдарға қоғамдық жұмысқа жолдама беру»;
      3) «Адамдарға әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жолдама беру»
      4) «Жұмысқа орналасуға жолдама беру»
      5) «Адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жолдама беру»
      6) «Адамдарға кәсіби бейімделуге тегін қызметтер көрсету»
      3. Көрсетілетін қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабы 1-тармағы 2)5)6)7) тармақшаларына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет тегін беріледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат www.ozsp-gm.sko.kz интернет-ресурста, уәкілетті органның стендінде, ресми ақпарат көзінде орналасқан.
      7. Мемлекеттік қызмет нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға қағаз тасымалдаушы түрінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру (әрі қарай – Жолдама) немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      «Адамдарға кәсіби бейімделуге тегін қызметтер көрсету» мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыны жұмысқа орналастыруға болатын кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі туралы ауызша ақпараттандыру (кеңес беру) болып табылады.
      8. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:
      «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген мерекелік және демалыс күндерінен басқа уақытта күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.
      9. Мемлекеттік қызмет:
      мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Күту залында отыратын орындықтар, мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті ақпарат орналастырылған ақпараттық стендтер, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік құралдары бар. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мемлекеттік қызмет алуына қызмет көрсету үшін жағдайлар жасалған.
      Уәкілетті органның бөлмесі санитарлы-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, күзет дабылымен жасақталған, бөлме режимі – кедергісіз.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар

      10. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға (әрі қарай – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 12-тармақта белгіленген қажетті құжаттарды ұсыну күнінен – 30 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі алушының жүгінген күніндегі максималды күтетін уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі алушының жүгінген күніндегі максималды қызмет көрсететін уақыты 30 минуттан аспайды.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мыналарды ұсынады:
      1) жеке куәлік (төлқұжат);
      2) еңбек қызметін растайтын құжат;
      3) әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәлік;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      5) кәсіби біліктілікті куәландыратын құжат (болғанда), ал, алғаш жұмыс іздеген, бірақ та кәсібі (мамандығы) жоқ тұлғаларға – білімі туралы құжат.
      Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұрақты тұруға рұқсат қағаз және ішкі істер органында тіркелгені туралы азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігін ұсынады.
      Оралмандар оралман куәлігін ұсынады.
      Мемлекеттік қызметті алуға жеңілдіктер қарастырылмаған.
      Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет алуға өтініш толтырылмайды.
      13. Уәкілетті органға жүгінгенде барлық қажетті құжаттар тіркеуді іске асыратын уәкілетті органның қызметкеріне тапсырылады.
      Жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысанына қатысуға жолдама беріледі.
      Жолдама беру мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өзі барғанда іске асырылады.
      14. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуінің болмағанында жұмыссыздарға жолдама беруден бас тартады («Адамдарға қоғамдық жұмысқа жолдама беруді» және «Адамдарға кәсіби бейімделуге тегін қызметтер көрсетуді» қоспағанда).
      Мемлекеттік қызметті ұсынуды тоқтату үшін негіздер жоқ.
      15. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш қабылдау күнінен мемлекеттік қызмет нәтижесін беру күніне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:
      1) мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның жауапты маманына мемлекеттік қызметтің ұсынылуына қажетті құжаттардың тізбесін ұсынады;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы осы Регламенттің 12-тармағында көрсетілген өтініш пен қажетті құжаттарды қабылдайды және басшының қарауына жібереді;
      3) уәкілетті органның басшысы, танысады, қарар белгілейді және құжаттарды жұмысты одан әрі ұйымдастыру үшін уәкілетті органның бас маманына жібереді;
      4) уәкілетті органның бас маманы Жолдаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;
      5) уәкілетті органның басшысы Жолдамаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және жауапты маманға жібереді;
      6) уәкілетті органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және алушыға Жолдама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әрекет (өзара іс-әрекет) тәртібін сипаттау

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (әрі қарай – ҚФБ):
      1) уәкілетті органның басшысы;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы;
      3) уәкілетті органның бас маманы.
      17. Әрбір әкімшілік әрекетті орындау мерзімі көрсетіліп әрбір ҚФБ-мен әкімшілік әрекеттің (үдерістің) өзара әрекеті мен бірізділіктің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      18. ҚФБ мен мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғаның жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын уәкілетті органның басшысы, уәкілетті органның жауапты лауазымдық тұлғалары (әрі қарай – лауазымды тұлғалар) болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы қабылдаған шешім мен әрекетке (әрекетсіздікке), Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған тәртіптегі белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетудің жүзеге асырылуына жауапкершілікте болады.
      20. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамамен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы болады.
      Жазбаша шағыммен жүгінген тұтынушыға осы шағымға жауап алған күні мен уақыты, шағымның қаралу барысын білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс мәліметтері көрсетілген талон беріледі.

«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

Әкімшілік әрекеттердің (үдерістердің) бірізділігі мен өзара әрекетін сипаттау 1 кесте. ҚФБ әрекетін сипаттау

Негізгі процестің әрекеті (жұмыстың барысы, ағыны)

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның бас маманы

Әрекеттің атауы (процесс, үрдіс, операция) және оны сипаттау

Құжаттарды қабылдау, тіркеу және уәкілетті органның қарауына жіберу

Ұсынылған құжаттармен танысу, қарар белгілеу және жұмыс үшін құжаттарды бас маманға жіберу

Жолдама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-
өкімдік шешім)

Кіріс нөмірін беру

Қарар

Жолдама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап

Орындау мерзімдері

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

10 минуттан аспайды

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

4

5

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Жолдамаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және жолдама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттік қызметті алушыға береді

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-
өкімдік шешім)

Құжаттарға қол қою

Нәтижесін беру

Орындау мерзімдері

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның бас маманы

1 әрекет.

Құжаттарды тіркейді, кіріс нөмірін береді және уәкілетті органның қарауына жібереді

2 әрекет.

Қараудан кейін қарар белгілейді және құжаттарды орындау үшін бас маманға жібереді

3 әрекет.

Құжаттарды қарауды іске асырады және жолдама ресімдейді және қол қою үшін уәкілетті органның басшысына жібереді

5 әрекет.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және мемлекеттік қызметті алушыға жолдама береді

4 әрекет.

Жолдамаға қол қояды, уәкілетті органның жауапты маманына жібереді


3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның бас маманы

1 әрекет.

Құжаттарды тіркейді, кіріс нөмірін береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді

2 әрекет.

Қараудан кейін қарар белгілейді және орындау үшін құжаттарды бас маманға жібереді

3 әрекет.

Бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және қол қою үшін уәкілетті органның басшысына жолдайды

5 әрекет.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және мемлекеттік қызметті алушыға бас тарту туралы дәлелді жауап береді

4 әрекет.

Бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жібереді


«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

Әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады