Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 24 мамырдағы N 142 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 тамыздағы № 235 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1873 Мемлекеттік тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 28 қыркүйектегі «Новатор» және «Парыз» № 40 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жергiлiктi өкiлетті органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының әкімі Қ. Тінеев