Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру қағидасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 97-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 қаңтарда № 2676 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 367-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 13.03.2015 № 367-V шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнің 3 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, V шақырылған облыстық мәслихат кезекті сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берілген Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру Қағидасы белгіленсін.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д. Құлжанов) жүктелсін.
      Сессия төрағасы Б. Кенжеғұлов
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Атырау облысы бойынша
      мемлекеттік сәулет-құрылыс
      бақылау және лицензиялау
      департаментінің директоры
      ___________ Қ. Мұхаметқалиұлы
      "12" желтоқсан 2012 жыл
      Атырау облыстық ішкі істер
      департаменті бастығының
      бірінші орынбасары___________ А. Дүйсембаев
      "12" желтоқсан 2012 жыл
      Атырау облысы бойынша
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау департаменті
      директоры___________ Е. Уаисов
      "12" желтоқсан 2012 жыл

  Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 97-V шешімімен бекітілді

Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру Қағидасы (бұдан әрi - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Заңдарына және өзге де Қазақстан Республикасындағы нормативтiк құқықтық актiлеріне сәйкес жасақталған.
      2. Қағида Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн анықтайды.

2. Негізгі ұғымдар

      3. Осы Қағидада келесi ұғымдар қолданылады:
      1) аумақ субъектілері - жеке және заңды тұлғалар;
      2) бөлiнген аумақ – жер пайдаланушының (заңды немесе жеке тұлғаның) иелiгiне берiлген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған құқықтары бар, уәкiлеттi органдардың шешiмдерiне сәйкес пайдалану үшiн өзiне тиесiлі нысандарды орналастыруға берiлген жер телiмi;
      3) ғимарат – өндiрiстiк үрдiстердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдардың уақытша болуына, сондай-ақ құралдарды немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, табиғи немесе жасанды аумақтық шекарасы бар, көлемдi, жазықты немесе тiзбектi (жерүсті, суүсті және (немесе) жерасты, суасты) салынған жасанды нысан. Ғимарат сондай-ақ, көркемдiк-эстетикалы, сәндiк-қолданбалы немесе мемориалдық сипатта болуы мүмкiн;
      4) елдi мекен - республика аумағының жинақы қоныстанған, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық әрекеті нәтижесiнде қалыптасқан, саны кемiнде 50 адам болатын, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi;
      5) жаяу соқпақ – жаяу жүргiншiлердiң жүруiне арналған, жолға жалғасқан немесе одан көгал алаңмен бөлiнген жолдың бөлшегi;
      6) жердi пайдаланушы – мемлекеттiк меншiктегi жер телімiн өтеулi және өтеусiз негiзде шектеусiз мерзiмге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде (уақытша жер пайдалану) иеленушi және пайдаланушы тұлға;
      7) жолдарды күтіп ұстау – жолдарды жүйелі түрде күтіп ұстау бойынша жұмыстар кешені, көлік құралдарының жол бойымен жыл бойы қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз етуге арналған;
      8) контейнер – қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған стандартты ыдыс;
      9) қатты тұрмыстық қалдықтарды және iрi көлемдi қалдықтарды шығару келісімшарты – тапсырыс берушi мен қоқыс шығаратын кәсіпорын арасында жасалған заңды күшi бар жазбаша келiсiм;
      10) ірi көлемдi қоқыс - өзiнiң тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтқан тұтыну ірі көлемдегі қалдықтар;
      11) өту-жүру жолдары, өтетiн жер – рельспен жүрмейтін көлiк құралдарының қозғалысына арналған жол элементi;
      12) рұқсатсыз қоқыс орны – заңды және жеке тұлғалар қызметiнiң үдерісі кезiнде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірi көлемдi қоқыс, өндiрiс және құрылыс қалдықтарын, басқа қоқыс, қар, мұзды өз бетімен шығаруы (орналастыруы) немесе үюі;
      13) шағын сәулеттiк нысандар – көлемi жағынан кiшкене өнерлік, сондай-ақ, iс жүзінде пайдалану үшін жасалған нысандар.

2. Жалпы талаптар

      4. Үйлердің, ғимараттардың, жеке тұрғын үй құрылыстарының меншiк иелерi және (немесе) пайдаланушылары тұрмыстық қалдықтарды шығаруға уақтылы келiсiм-шарт жасақтайды.
      5. Жер учаскесін пайдаланушылар арасында iргелес (бекiтiлген) аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғалардың келiсiмiмен осы Қағида, қала және елді мекендердің әкiмдіктерді актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Тұрғын үй ғимараттарға iргелес аумақтар нысанның иесiне абаттандыруды, көгалдандыруды, жарықтандыруды және қоршауды, сондай-ақ кiре беріс жолдар және жаяу жүргiншiлер жолдарын қатты жабынмен жабу ұсынылады.
      7. Бөлiнген шекарадағы инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылым нысандарының аумағы көрсетiлген нысандардың техникалық және пайдалану сипаттамалары ескерiле отырып, абаттандырылуы қажет. Аумақтарды абаттандыру және күтiп ұстау нысандардың меншiк иелерiне жүктеледi.
      8. Коммуникациялардың барлық түрiне қызмет көрсететiн шаруашылық субъектiлерi коммуникацияларды күтiп ұстайды және уақтылы жөндеу жүргiзеді, оларды жөндегеннен кейiн бұзылған жабынды қабаттары мен элементтерiн қайта қалпына келтiреді.
      9. Облыстың қала мен елді мекендері аумағында:
      1) суаққы желiсiнiң қоқыспен бітелуін болдырмау үшiн суаққы коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға;
      2) жергiлiктi атқарушы органмен бекітiлген орындардан басқа жерлерге қоқыстар мен қарды шығаруға, тастауға;
      3) қоқыс құбырларына сұйық тұрмыстық қалдықтарды және iрi көлемдi қоқыстарды тастауға;
      4) магистральдардың жол жүру бөлігі, көшелер мен өту жолдарының, жаяу жолдардың және көгал алаңдарын өту бөлiктерiне сауда нысандары, құрылыс алаңдары, кәсiпорындар мен ұйымдар аумақтарынан, аулалық аумақтардан, кварталішілік өту жолдарынан және тағы басқаларынан тазаланатын қарларды шығаруға немесе ысыруға;
      5) жаяу соқпақтарда, қоғамдық жолаушы көлiгiнiң отырғызу аялдамаларында, саябақтарда, шағынгүлбақтарда, аулаларда және өзге де жаяу өту, көгалдандыру аймақтарында техникалық тұзды және сұйық кальций хлоридін мұзға қарсы реагент ретiнде пайдалануға;
      6) көгал алаңдарына, гүлбақтарға, бұталар мен өзге де жасыл көгалдарға ластанған және тұздалған қарды, мұз ойындыларын роторлы лақтыруға және ығыстыруға;
      7) суаққы құбырларының шұңғымасына қар, мұз және қоқыстарды тастауға;
      8) ағаштар мен бұталардың түбiне жапырақтарды тастауға;
      9) жолдарды және (немесе) жол бөлiктерiн ластауға жол бермеу мақсатында кез келген жүк түрлерiн тиянақты жабынсыз жүк көлiктерiмен тасымалдауға;
      10) меншiк иесiнiң немесе басқа құқылы тараптардың келiсiмшартсыз хабарландырулар, плакаттар, үндеулер, түрлi ақпараттық материалдарды, жазу-сызулар мен кескiндеме суреттер орналастыруға;
      11) автомобиль жолдарының жүретін бөлiгiне қозғалысқа қауiп төндiретiн заттарды, қоқыстарды лақтыруға;
      12) үйлердің, ғимараттардың және тұрғын үйлердiң терезелерiнен қоқыстарды лақтыруға;
      13) жаяу соқпақтар, шағынгүлбақтар, саябақтар аумағына және басқа да қоғамдық орындарға ұсақ қоқыстарды лақтыруға;
      14) жергiлiктi атқарушы органымен арнайы бөлiнген орындардан тыс жерлерге тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндiрiстiк қалдықтарды, жәшiктердi, ағаш үгiндiлерiн, жапырақтарды, қарды, сұйық қалдықтарды тастауға;
      15) су айдындарына өнеркәсіптік кәсiпорындардың тазартылмаған суларын ағызуға;
      16) кәсiпорындардың және жеке тұрғын үй құрылысының iшкi аумақтарын қоса алғанда, шағынгүлбақтарда, саябақтарда қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қоқыстарды, жапырақтарды, ыдыстарда, өндiрiстiк қалдықтарды жағуға, от жағуға;
      17) белгiленбеген жерлерде, тиiстi жол белгiлерiмен және (немесе) жолақтармен белгiленген және бөлiнген жерлерден тыс орындарда көлiк құралдарының аялдауына, тұруына және оларды жууға;
      18) аулалар және кварталішілік аумақтардың жасыл аймақтарына, балалар, киiм-кешек кептiретiн және контейнерлiк алаңдарға, жаяу жүргiншiлер жолдары мен жаяу соқпақтарға қызметтiк және жеке автокөлiктердiң тұруына, кiруiне;
      19) бiр деңгейде жолдар, көшелердiң және кiрме жолдардың қиылыстарында және темiржол өткелдерiне жақын жерлерде, көлiктiк қоршаулармен жабдықталған немесе көтерiңкi жиектемелерi бар жол учаскелерiнде, жаяу соқпақтарда қар үюге.
      20) көшелерде, балалардың аула алаңшаларында, қоғамдық орындарда, бұл мақсаттарға белгіленбеген орындарда үй жануарларын серуенге шығаруға;
      21) адамдар шомылуға арналған жерлерде киiм-кешек жууға және үй жануарларын жуындыруға;
      22) мұз жарықшақтарын, қарды жасыл желек алаңдарына, жаяу соқпақтарға, көгал алаңдардың орын ауыстыруға, лақтыруға және үюге;
      23) тұрғын үй нысандардың, ұйымдардың, мекемелердiң аумақтарында аулалық қондырғыларды, шұңқырларды және қоқыс жинау алаңдарын салуға және қайта жабдықтауға жол берілмейді.
      10. Облыстың қалалары мен елді мекендерін санитарлық ағымда ұстау мамандандырылған кәсiпорындармен жүзеге асырылады және мыналарды қамтамасыз ететiн:
      бейiттердi күтiп ұстау;
      жасыл желектердi күтiп ұстау және суару;
      облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумағын қоқыс пен қалдықтардан тазарту және оларды уақтылы шығаруды ұйымдастыру шараларын жүргізуден тұрады.

4. Аумақты жинау және тазартуды ұйымдастыру және оның негiзгi талаптары

      11. Қалалардың және елдi мекендер аумағын санитарлық тазалау жүйесi тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинау, жою, залалсыздандыру мен кәдеге жаратуды қарастырады және мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылады.
      12. Арнайы автокөлiктердiң саны құрылыс салынып жатырған учаскенiң нақты дамуы мен елдi мекеннiң жергiлiктi жағдайы ескерiле отырып анықталады.
      13. Тұрғын үйлердiң, ұйымдардың, мәдени-көпшiлiк мекемелерiнiң, демалыс аймақтарының аумақтарында көлiктер кiре алатындай қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орналастыру үшін арнайы алаңшалар бөлінеді. Алаңша су өткiзбейтiн жабынмен және толықтай қоршаумен жайластырады.
      14. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер қақпақтармен жабдықталады.
      15. Контейнердiң есептi сыйымдылығы қоқыстардың нақты жиналып қалуына сәйкес болуы қажет. Орналастырылатын контейнерлер санының есебi осы контейнерлердi пайдаланатын тұрғындар саны, қалдықтардың жиналып қалу нормалары, олардың сақталу мерзiмдерiн ескере отырып жүргізіледі.
      16. Кәсiпорындар, ұйымдар, кондоминиум басқару органдары, жеке үй-жайлар мен бизнес нысандарына соңынан қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлектеп жинау арқылы бiртiндеп еуропалық және басқа да контейнерлердi пайдалануға көшуге ұсынады.
      17. Қоқыстарға арналған контейнерлер арнайы орындарда ұдайы дезинфекцияланып және дезинсекцияланып, жуылып отырады.
      18. Әрi қарай пайдалануға жарамсыз контейнерлер уақтылы ауыстыруға жатады.
      19. Кәрiзделмеген аулалық және қоғамдық әжетханалар тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және тұрғындардың демалыс орындарынан және құдықтардан, бұлақ көздерiнен алшақтатылады.
      20. Су құбырлары желілерінен арақашықтықты қолданыстағы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес белгіленеді.
      21. Көпқабатты тұрғын үй құрылысы аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар алаңшасы шетінен қажетiне қарай 1,5 метр радиуста контейнер алаңшаларының iргелес аумағын жоспарлы-ұдайы түрде тазалау жүргiзiледi.
      22. Тұрмыстық және басқа да қалдықтарды шығару күн сайын таңғы сағат 7.00-ден ерте емес және 23.00-ден кеш емес уақытта жүргiзiледi.
      23. Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы-ұдайы тазарту аптасына екi мәртеден кем емес жүргiзiледi.
      24. Қоғамдық орындарда қоқыс салатын жәшіктер орнатылады. Жәшіктердің арақашықтығы адам көп жүретiн көшелерде 40 метрден және адам аз жүретiн көшелерде 100 метрден артық емес аралықта болады. Жәшіктерді тазалау қоқыстардың толуына қарай жүргiзiледi.
      25. Жолаушылар көлігі аялдамаларын орналасқан жәшіктерді арнайы аялдама тазалайтын мекемелермен, ал сауда нысандарында орнатылған жәшіктер сауда кәсіп орындармен тазартылып, дезинфекцияландырады.
      26. Аулалық әжетханалар мен контейнерлiк алаңшалардан бекiтiлген алшақтықты сақтау мүмкiндiгi жоқ қалыптасқан құрылыс аудандарында бұл арақашықтық комиссиялық түрде белгiленедi.
      27. Кәрізделмеген үй-жайларда сұйық қалдықтарды жинау үшiн сорып алынатын, су өткiзбейтiн шұңқырлар және жер бетiндегi бөлiгi қақпақпен және қатты фракцияларды жiбермейтiн тормен жабдықталады. Аулалық сорып алынатын шұңқырлар болған жағдайда, олар ортақ бола алады.
      28. Жол жабындылары жолдың беткi қабатында жиналған ластар су ағынымен жасыл желек жолақтары немесе жаяу соқпаққа шашырамайтындай етiп жуылады.
      29. Қозғалыс қарқындылығы жоғары көшелер жылдың ыстық мезгілінде жуылып тұрады.
      30. Нөсерлiк кәрізі жоқ көшенiң өту бөлiктерi арнайы көлiктермен жиналады. Көшелерге ас тұзын себуге жол берілмейді.
      31. Жапырақтар түсетiн кезеңде жапырақтар уақтылы жиналады. Жиналған жапырақтар арнайы бөлiнген учаскелерге немесе шiрiтетiн алаңдарға шығарылады.
      32. Тұрғын үй кварталдарының, шағын аудандардың аумақтарында, сондай-ақ үй жанындағы аумақтарда бөлiнген жер учаскесi шекараларында келесi тәртiп сақталады:
      1) аспа жолдардың, жаяу соқпақтардың, жаяу жүргiншiлер жолдарының, кварталішілік кірме жолдарымен жолдардың жабындылары қалыпты жағдайда ұсталады;
      2) аулаларда өз бетiнше түрлi шаруашылық және қосалқы құрылыстардың салуына жол берілмейді;
      3) қызыл жолақтарды және құрылыстарды реттеу жолақтарын бұзып салынатын кез келген құрылыстарға жол берілмейді;
      4) тұрғын үй жаны аумақтарын құрылыс материалдарымен бөгеп тастауға жол берілмейді;
      5) инженерлiк коммуникацияларды және құдықтарды уақтылы қарау және тазалау жүргізіледі;
      6) спорттық, ойын, балалар және шаруашылық алаңдарының жабдықтары, қоршаулар мен шарбақтар қалыпты жағдайда ұсталуы қажет.
      33. Суару-жуу және сыпырып-тазалау машиналарын толтыру техникалық сумен жүргiзiледі.
      34. Тұрғылықты жерлер аумағында қалдықтарды жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмудi мамандандырылған кәсiпорындар жүргiзедi.
      35. Жұқпалы стационарларды қоспағанда (соның iшiнде туберкулезге қарсы, терi-венерологиялық) қоғамдық тамақтану, сауда, жалпы бiлiм беретiн, шипажай-курорттық ұйымдардың және басқалардың тағам қалдықтары қақпағы бар ыдыстарға жиналып, салқындатылатын орын-жайда немесе тоңазытқыш камераларда сақталады. Жұқпалы стационарлардың тағам қалдықтарын қоспағанда (соның iшiнде туберкулезге қарсы, терi-венерологиялық және т.б.) тағам қалдықтары малға азық ретінде беруге болады.
      36. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қалалар және облыс елді мекендерінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында кәдеге жарату жүргiзiледi.
      37. Қала аумағында орналасқан жеке тұрғын үйлер секторында тұрғын үйлердің көше жақ бетіне және автокөлік жолының жиегіне құрылыс материалдарын жинап қоюға жол берілмейді.
      38. Мемлекеттік архитектуралық құрылыс бақылау мекемелерін, жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімдерін құрылыс салушыға қала және аудандар аумақтарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндіріске қосу рұқсатын берген кезде уәкілетті органдардың құрылыс алаңдары мен учаскелерін ұстау үшін тиісті келісімдер мен рұқсаттардың қажет екенін жазбаша хабарлайды.
      39. Сыртқы жарнамалар орнатуға рұқсатты жергілікті атқарушы органдары береді.

5. Қыс мезгiлiнде аумақты тазартудың ерекшелiктерi

      40. Қала мен елді мекендері көше жолдарының бөлігі мен өтпелдерін қысқы тазарту жұмыстары осы Қағида талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      41. Саябақтардағы, орманды саябақтардағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа да көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезiнде осы мақсаттарға алдын ала дайындалған алаңдарға жасыл желектердiң сақталуы мен ерiген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық реагенттерi жоқ қарларды үюге рұқсат етiледi.
      42. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшіктер мен басқа да элементтер және шағын сәулеттiк формалар, сондай-ақ, олардың алдындағы және жанындағы кеңістіктер мен оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылады.
      43. Қар шығарудың технологиялық операциясы екi кезеңде жүргiзiледi:
      1) бiрiншi кезекте (таңдамалы) жолаушыларды тасымалдау көлiгi аялдамаларынан, жер үстi жаяу жүргiншiлер өтпелдерiндегi, көпiрлердегi және жол желiлерiндегi, ауруханаларға кiретiн жолдардағы және басқа да әлеуметтiк маңызы бар нысандардағы қарды шығару;
      2) соңғы (жаппай) қар шығару жұмыстары бiрiншi кезектегi қар шығару жұмыстары аяқталғаннан кейiн атқарушы органмен анықталатын кезектілікке сәйкес жүргізіледі.
      44. Көшелер мен өтпелдерден шыққан қар арнайы дайындалған алаңшаларға шығарылуы тиiс.
      45. Жаяу соқпақтар мен көпiр құрылыстарына шығатын жерлердегi баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
      1) жаяу соқпақтар мен көпiр құрылыстарына шығатын жерлердегi баспалдақтар барлық енiне жабынды жерге дейін тазартылады;
      2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяу соқпақтар мен көпiр құрылыстарына шығатын жерлердегi баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделеді;
      3) тайғақ болатыны немесе болу мүмкiндiгi жөнiнде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте көпір құрылыстары баспалдақтар, содан кейiн жаяу соқпақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделеді.
      46. Аула аумақтары мен кварталішілік кірме жолдардан тазартылған қар автокөлiктiң еркін кіруіне және жаяу жүргіншiлер қозғалысына кедергi келтiрмейтiн аула аумағындағы орындарға мiндеттi түрде тасып шығарылуымен уақытша үйiледi.
      47. Ғимараттар мен тұрғын үйлер шатырларын қар мен мұздақтардан көше жаққа қараған шатырдың құламасынан жаяу соқпақтарға түсіру арқылы тазарту жұмыстарын тек күндiзгi уақытта жүргiзуге жол беріледі. Қарды шатырдың құламаларына, сондай-ақ жазық шатырлардан түсiру аулаішілік аумақ жаққа жүргiзiлуге жол беріледі.
      Қарды түсiрер алдында жүргiншiлер қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қорғау шараларын өткiзу қажет. Ғимараттар мен тұрғын үй шатырларынан түскен қарлар, мұздақтар жедел түрде белгіленген аумаққа жиналады және одан әрi мамандандырылған кәсіпорындармен шығарылуы үшiн орналастырылады.

6. Ұсақ бөлшектiк сауда үшiн уақытша ғимараттарды орнату және күтiп ұстау

      48. Ұсақ бөлшектiк сауда нысандарын орналастыруға (нысандардың аумағында орналасқан ұсақ сауда нысандарын қоспағанда) мемлекеттік стандарттарында, санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, өртке қарсы қағидаларында және басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген талаптарын ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдармен белгіленген орындарда рұқсат беріледі.
      49. Салқындатылған сусындармен, изотермиялық жылжымалы ыдыстардан (цистерналар) кваспен сауда жасау бiр мәрте пайдаланатын стақандарды қолданылған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардан рұқсат құжаттарын алған кезде жүргізеді.
      50. Ұсақ бөлшектiк сауда нысандарында ыдыс және өнiмнiң күндiк қорын сақтауға арналған орын бөлiнедi.
      51. Нысанның іргелес аумағында ыдысты сақтауға жол берілмейді.
      52. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісімшартта, не тауардың өзінің табиғи қасиетінен туындаған жағдайда өзгеше белгіленбесе, бөлшек сауда кезінде тауардың әр бірлігі оралуға, өлшеніп-буылуға тиіс.
      53. Көкөнiс, жемiс-жидек және бақша дақылдарын сауда үй жайларынан тыс жерлерде сатуға жергiлiктi атқарушы органмен белгіленген орындарда жол берiледi.
      54. Сауда автоматтары бiр мәрте пайдаланатын ыдыстармен қамтамасыз етiледi.
      55. Жұмсақ балмұздақтарды оны дайындаған жерде ғана сатуға рұқсат берiледi.
      56. Ұсақ бөлшектiк сауданың жылжымалы құрал-жабдықтары жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн негiзгi санитарлық өңдеуге жатқызылады.
      57. Ұсақ бөлшектiк сауда нысандарында қолжуғыш, қоқыстар мен қалдықтарды салатын қақпағы бар ыдыс орнатылады, сатушының жеке заттарын сақтайтын орын қарастырылады.
      58. Ұсақ бөлшектiк сауда нысанының сатушысы:
      1) нысанның iргелес аумағын тазалықта ұстайды;
      2) тағам өнімдерінің шығарылған жерін, сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттар болған жағдайда оларды қабылдайды және сатады.
      3) сатылатын тағам өнiмдерiнiң пайдалану мерзiмдерiнiң сақталуын қарайды;
      4) тағам өнiмдерiн сату мерзiмi мен талаптарын сақтайды, сату кезiнде қыстырмаларды, күрекшелердi қолданады;
      5) өнiмдердi ластанудан сақтайды;
      6) таза арнайы киiмдерiн және аяқ киімдерді киеді;
      7) жеке гигиена талаптарын сақтайды, әрбiр жұмыс үзiлiсiнен кейiн және қажетiне қарай қолын жуады;
      8) өзiмен бiрге санитарлық кiтапшасы болуы керек;
      59. Бөлшек сауда нысанының аумағы тазалықта ұсталады. Күн сайын жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн негiзгi, күн iшiнде ағымдағы тазалау жүргiзiледi. Қысқы кезеңде іргелес аумақтар қар мен мұздан тазартылып, құм себiледi, жаз мезгiлiнде су себiледi.
      60. Келушiлер мен персонал үшiн әжетханалар, 50 сауда орнына кемінде бір шүмек есепті санымен қол жууға арналған, сауда құрал-жабдықтарын, жемiс-жидектер мен көкөнiстердi жуатын қондырғылармен жабдықталады.
      61. Санитарлық тораптар мен қолжуғыштар қалыпты, тазалықта ұсталып және күн сайын дизенфекцияланады.
      Санитарлық тораптарға қызмет көрсететiн персонал нысандағы басқа жұмыс түрлерiне жiберiлмейдi.
      62. Сәулеттiк шешiмдер облыс қалалары мен аудандарының сәулет және қала құрылысы бөлiмдерi мемлекеттiк мекемелерiмен келiсiледi.
      63. Ұсақ бөлшектiк сауда нысандары мен кешендерiне көлiктiк қызмет көрсету iргелес магистральдар мен жаяу жүргiншiлер бағыттарындағы көлiк қозғалысы мен жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiздiгiне кедергi келтiрмеу ұсынылады.

7. Жолдарды, аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      64. Көшелердің өту жерлерiн барлық ауданының енi бойынша, алаңдардың, жолдардың және көше желiлерiн, көлiк тұратын қалташаларды, сондай-ақ жағалаулар, көпiрлер, жол өткелдерiн күту мен тазалау жұмыстарын жүргізуге уәкiлеттi органмен жасалған мемлекеттiк сатып алу шарты негiзiнде мердiгер-кәсiпорындар жүргiзедi.
      65. Жол жабынын үзiлiссiз қоқыстан, балшық, қардан технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн, халықтың жаппай баратын нысандарына жақын орналасқан қалалар мен елді мекендердің магистральды көшелердiң бойына автокөлiк құралдарын қоюға тыйым салынады, тыйым салу қажеттi жол белгiлерiн қоюмен белгiленедi.
      66. Магистральдардың, көшелердiң және кiрме жолдардың жиектемелерiн, жол жабынын, осьтiк және резервтiк жолақтарын сыпыру жұмыстары алдын ала ылғандандырылғаннан кейiн, уәкiлеттi орган бекiтiлген кестеге сәйкес жүргiзiледi.
      67. Жолдардың өту бөлігі қандайда болмасын ластан толығымен тазартылуы тиiс. Реттеу сызығымен белгіленген осьтiк және резервтiк жолақтар құм мен түрлi ұсақ қоқыстардан тұрақты түрде тазартылуы тиіс.
      68. Жолдардың жағасы iрi көлемдi және өзге де қоқыстардан тазартылуы тиiс. Жұмыстарды жүргiзу кезiнде көшенiң өту бөлiгi мен кірме жолдарына қоқыстарды шығаруға тыйым салынады.
      69. Жолаушылар көлiгiнiң аялдама алаңдарын жинау жұмыстарын жолдардың өту бөлігін жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар жүргізеді.
      70. Сыртқы жарықтандыру бағаналарының құрылғысы мен дiңгегiнiң аумағын және жаяу соқпақтарында орналасқан байланыс желiлерiнiң маңайын жинау жұмыстарын жаяу соқпақтарды тазартуға жауапты кәсiпорындар іске асырады.
      71. Трансформаторларға немесе таратушы қосалқы станцияларға, автоматты режимде жұмыс жасайтын басқа да инженерлiк ғимараттарға (қызмет көрсететiн персоналсыз), сондай-ақ, электр беріліс желiлерiнiң тiректерiне осы нысандардың иелерi жүргiзедi.
      72. Жер үстi құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күтiп ұстау жұмыстары желiлердiң иелерiмен жүргiзiледi.
      73. Уақытша көше саудасы мен жалпы тамақтану орындарын, бизнес нысандарына (базарлар, кафе, дәмхана, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендерi, шатырлар, дүңгiршектер және сол сияқтылар) iргелес аумақтарды жинауды осы нысандардың иелерi жүзеге асырады.
      Iргелес орналасқан көгал алаңдарға, сауда шатырларының үстiне, дүңгiршектерге және басқа да сауда нысандарының төбесіне ыдыстарды үюге жол берiлмейдi.
      74. Суды айдау (қазан шұңқырлардан су сору, инженерлiк желiлердегi апатты жағдайлар) салдарынан пайда болған су басу орын алған жағдайда, оларды жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдардың жауапкершілігіне жүктеледі.
      75. Жол жөндеу жұмыстарын жүргiзген кездегi асфальт жарықшақтарын шығару осы жұмыстарды жүргiзушi ұйымдармен: қаланың бас магистральдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан тәулiк ішінде жүргізіледі.
      76. Ақаба желiсiн қоқыс басуын болдырмау үшiн ақаба коллекторларына тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
      77. Контейнерлерді және контейнерлік алаңшалар аумағын жинау, контейнерлерді жуу және дизенфекциялау мамандандырылған ұйымдармен жүргізіледі.

8. Шағын сәулет нысандарын күтiп ұстау

      78. Қалалардың және елді мекендердің аумақтары шағын сәулеттiк нысандармен жабдықталады.
      79. Шағын сәулеттік нысандар стационарлық және жылжымалы болуы мүмкiн, олардың саны мен орналасуы аумақтарды абаттандыру жобаларымен анықталады.
      80. Шағын сәулеттік нысандар жеке жобалар бойынша дайындалады.
      81. Жаңа құрылыс салу кезiнде құрылыс жүргiзiлiп жатырған учаске шегінде шағын сәулеттік қалыптарды жобалау, дайындау және орнату тапсырыс берушiмен жобалау-сметалық құжаттамаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      82. Шағын сәулеттік қалыптардың құрылымдық шешiмдерi олардың орнықтылығын, қолдану қауiпсiздiгiн қамтамасыз етеді.
      83. Шағын сәулеттік қалыптарды күтiп ұстау және жөндеу олардың меншiк иелерi жүзеге асырады.

9. Ақылы автотұрақтарды және гараж кооперативтерiн орналастыру және абаттандыру

      84. Жеке меншiк иелерiнiң жеңiл автокөлiктерiнiң гараждарын, күзетiлетiн ашық автотұрақтардың, автокөлiктердiң уақытша тұрақтарын (ақылы және ақысыз) орналастыру қолданыстағы экологиялық, санитарлық және қала құрылысы нормаларымен және ережелерiмен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      85. Жеңiл автокөлiктерiнiң ашық, ақылы тұрақтарын тұрғын үй және қоғамдық құрылыстарға дейiнгі санитарлық аралықты қамтамасыз ете отырып орнату қажет.
      Автотұрақтардың қатты жабыны, қоршауы, күзетке арналған орын-жайы мен сыртқы жарықтандыруы болуы қажет.

10. Құрылыс алаңдары мен учаскелерiн күтiп ұстау

      86. Нысанның құрылыс алаңын жайластыру жұмыстары (жаңа құрылыс, қайта жабдықтау, жөндеу, құрылысты бұзу) басталғанға дейiн құрылыс салушы (нысанның иесi) белгiлi бiр жұмыс түрлерiн жүргiзуге келiсім және рұқсат алу үшiн қажеттi құжаттарды уәкiлеттi органға ұсынады.
      87. Рұқсат алғаннан кейiн құрылыс жүргiзушi-тапсырыс берушi (нысанның иесi) қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес құрылыс алаңдарын мiндеттi талаптарды сақтай отырып, жайластырады.
      88. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шегiнде орналастырылады, шығарылған топырақ (құнарлы топырақтан басқа) тез арада тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.
      89. Құрылыс жүргiзушi немесе мердiгер тиiстi полигондарға уақытында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, қар мен мұзды шығару жұмыстарын ұйымдастыру үшiн құрылыс алаңдарын орналастыруға рұқсат алған кезде осы жұмыс түрлерiн жүргiзуге лицензиясы бар мамандандырылған кәсiпорындармен келісімшарт жасайды.
      90. Құрылыс аяқталғаннан кейiн құрылыс жүргiзушi құрылыс алаңына iргелес аумақтағы, сондай-ақ уақытша жүруге пайдаланылған, жүргiншiлер өтетiн жерлер, материалдарды қою үшiн уақытша пайдаланылған ғимараттар аумақтарының бұзылған абаттандыру жұмыстарын, инженерлiк желiлерiн және басқа қажеттiлiктерiн қалпына келтiреді.

11. Жер жұмыстарын жүргiзудiң, инженерлiк желiлердi, ғимараттарды және коммуникацияларды күтiп ұстаудың тәртiбi

      91. Жол жабынын, жаяу соқпақтарды, көгал алаңдарды және басқа да нысандарды бұзумен байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргiзетiн барлық заңды және жеке тұлғалар уәкiлеттi органдардан жұмыстарды жүргiзуге рұқсат алады.
      92. Шаруашылығында инженерлiк коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар қалалардың және елді мекендердің абаттандыруын бұзуға әкелуі мүмкін инженерлiк желiлер мен ғимараттардың техникалық жағдайын тұрақты қарап отыруы тиiс, атап айтқанда:
      аумақты су басуына және мұздың пайда болуына жол бермеу, бөлінген және қорғалатын аймақтардың санитарлық жағдайын бақылау, люктердiң қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындылары, нөсерлiк кәрiздердiң торлары қатты төсеммен бiр деңгейде болуы және түзу қалыпта ұсталуын;
      монтаждау қағидаларын сақтамау салдарынан, бұзылуы мүмкiн жер асты желiлерiнiң үстiндегi қатты немесе топырақ төсемінің жағдайын, қайта жабылуы мен қолданылуын қарау, жер үстi инженерлiк коммуникацияларды, құрастырмалар мен ғимараттарды жөндеу, тазарту және сырлау жұмыстарын уақытында жүргiзу қажет.
      93. Қатты төсемді аумақты күрделi жөндеу немесе қайта жаңарту жұмыстарын жүргiзген кезде инженерлiк желiлер құдығының люктерiн керектi өлшемдерге жеткiзу жұмыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      94. Қалалар мен елді мекендер аумақтарынан жер үстi және жер асты суларын кетіру үшін арналарды, құбырлар мен сорғытқыларды алдын ала тексеру, нөсерлiк кәрiздердiң коллекторларын, жауын қабылдағыштар құдықтарды тазарту жұмыстары пайдаланушы кәсiпорындарымен; аулалардың аумақтарында – кондоминиумді басқару органдарымен; жеке меншiк учаскелерде және кәсiпорын аумақтарында – иелерiмен жүргiзiледi.

12. Апатты жұмыстарды жүргiзу

      95. Апат туындаған жағдайда, инженерлiк коммуникациялар мен ғимараттардың иесi, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын қабылдайды. Бұл жағдайда мыналар: адамдар мен көлiк қозғалысының қауiпсiздiгi, сондай-ақ қатар орналасқан жер асты және жер үстi ғимараттардың, инфрақұрылым нысандарының, жасыл желектердiң сақталуы қамтамасыз етiледі.
      96. Апаттық бригаданы апат орнына жiберумен қатар пайдаланушы ұйым бiр мерзімде апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жер асты және жер үстi құрылғылары бар ұйымдарға, облыс қалалары мен аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмдері және ішкi iстер органдарына, сондай-ақ басқа да мүдделi қызметтерге хабарлайды.
      97. Аймағында жер асты немесе жер үстi коммуникациялары бар заңды тұлғалар апат туралы хабарды алғаннан кейiн, апат орнына осы жердегi орналасқан мекемеге қарасты ғимараттар мен инженерлік коммуникацияларды көрсетуге тиiстi және орындау сызбаларымен бiрге өздерінің өкiлдерiн жiбереді.
      98. Апат орны маңайында материалдарын немесе басқа құндылықтарын сақтаушы иелерi бойынша учаскенi жедел түрде босатады.
      99. Егер де апатты жою жұмыстары өту жолын толық және жартылай жабылуын қажет етсе, облыстың мен қалалардың, елді мекендердің ішкi iстер органдары өту жолын уақытша жабылуы, көлiктiң айналып жүру бағыты туралы жедел шешiм қабылдайды.
      100. Апат жұмыстары жүргiзiлетiн орын қалқандармен немесе белгiленген үлгiдегi апаттық жарық құрылғысы мен габаритті қызыл түстi шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенiң (магистральдың) өту бөлігінде облыс қалалары мен елді мекендердің iшкi iстер органдарымен келiсiм бойынша қажеттi жол белгiлерi қойылады.
      Жұмыстар толық аяқталғанға дейiн апатты жою жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалар апаттық жарықтандыру, қоршау (қалқан) орнату, жол белгiлерiнiң қою жұмысына жауап бередi.
      101. Апат салдарын жою және аумақтың абаттандырылуын қалпына келтiру үшiн, жер жұмыстарын жүргiзуге рұқсатты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ресімдеу қажет. Жер жұмыстарын жүргiзуге рұқсат белгіленген мерзiмдерге дейiн ресiмделмеген жағдайда, қазу жұмыстары заңсыз болып саналады және кәсiпорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
      102. Жоспарлы жұмыстарды апатты деген сылтаумен жүргiзуге жол берілмейді.

13. Ғимараттар мен үйлердің қасбеттерiн күтiп ұстау

      103. Ғимараттардың, үйлердің және бизнес нысандарының меншiк иелерi өз нысандарын және олардың жекелеген элементтерiне (шатыр, лоджия, балкон, ақаба су құбырлары және басқалары) қайта жаңғырту, жөндеу және қасбеттерiн сырлау жұмыстарының уақтылы жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ, қасбеттерiнде орнатылған ақпараттық маңдайша жазуларын, ескерту тақталарын таза және қалыпты жағдайда ұстауға ұсынады.
      104. Ғимараттардың, мекемелердiң, кеңселердiң, дүкендер мен басқа бизнес нысандарының қасбеттерiне iлiнген маңдайшалар мен көшелері кешкi және түнгi уақытта облыстың қалалары мен елді мекендерін келбеттендiру және қосымша жарықтандыру үшiн iшкi жарық (неондық және сұйық кристалды т.б) элементтерiмен жабдықталады.
      105. Ғимараттардың қасбеттерiн қайта жаңарту және элементтерiн өзгерту жергiлiктi атқарушы органның келiсiмiмен жасалады;
      106. Ғимараттар мен үйлердің меншiк иелерi оларды қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтерi мен ережелерi, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес олардың тиісті күтіп ұсталуы бойынша жұмыстарын жүргiзуге, соның iшiнде оларға тиесілі ғимараттар мен үйлердің қасбеттерiн жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргiзiледі.
      107. Егер де заңды немесе жеке тұлғалардың меншiгiнде шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқаруында тұрғылықты емес немесе тұрғын үй ғимараттарында тұрғылықсыз бөлмелер болған жағдайда, осы тұлғалар аталған ғимараттың алып тұрған ауданына барабар қасбеттерді жоспарлы жөндеу және жаңғыртуға үлес қосуы керек.
      108. Ғимараттарды, орын-жайларды және үйлердің жалға алушылар және жалдаушылар сәйкес ғимараттардың және үйлердің қасбеттерiн жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргiзуге мiндеттеме алады.
      109. Тарихи-мәдени мұра ескерткiштерi болып табылатын ғимараттар мен үйлердің қасбеттерiн жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстары Қазақстан Республикасы және облыс қалалары мен аудандары әкiмдiктерiнiң құқықтық актiлерiмен белгіленген қорғау нормативтері мен ережелеріне, тиісті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша сақталатын міндеттемелеріне сәйкес жүргізіледі.
      110. Облыстың қалалары мен аудандарының коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi органдар ғимараттар мен үйлердің қасбеттерiн жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шараларды жыл сайын қабылданатын бюджеттiк бағдарлама негiзiнде жүргізеді.
      Ғимараттар мен үйлердің қасбеттерiн жөндеу мен жаңғырту жұмыстарының бағдарламасы облыс қалалары мен аудандары әкiмдiктерiнiң нормативтік құқықтық актілерімен бекiтiледi.

14. Сыртқы жарық пен бұрқақтарды күтiп ұстау

      111. Облыс қалалары мен аудандары коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi органдармен бекiтілген кестеге сәйкес көшелердiң, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарық көлемiнiң кешкi ымырт кезiнде 20 люкске дейiн азайған кезде, ал сөнуi - таңғы күңгiртте 10 люкске дейiн көтерілгенде берiледi.
      112. Біртіндеп электр қуатын үнемдейтiн шамдарға көшудi iске асыру қажет. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегi, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 5 пайыздан аспау керек. Металл бағаналар, кронштейндер және басқа сыртқы жарықтандыру құрылғылары мен байланыс желiлерiнiң элементтерi сырланған, тазалықта ұсталуы және оларда тот басу ошақтары болмауы тиіс.
      113. Iстен шыққан газзарядты шамдар, доғалы сынапты шам, металдық диодтары бар доғалды шам, доғалды натрийлi, люминесценттi шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген жерлерде сақталып, одан әрi кәдеге жарату үшiн арнайы кәсiпорындарға жеткiзiлуi тиiс.
      114. Құлап қалған жарықтандыру тіректерін шығару жұмысы негiзгi магистральдарда тірек иесiмен - дереу; қалған аумақтарда, сондай-ақ бөлшектенетін тіреулерді шығару тәулiк iшiнде жүргiзiледi.
      115. Бұрқақтарды қосу мерзiмi, олардың жұмыс тәртiбi, табақтарын жуу және тазарту кестесi, техникалық үзiлiстерi мен жұмысының тоқтатылуы облыс қалалары мен аудандары коммуналдық шаруашылығының уәкiлеттi органымен анықталады.
      116. Бұрқақтардың жұмыс iстеуi кезiнде су бетiн қоқыстардан тазарту жұмыстары күн сайын іске асырылады. Пайдаланушы ұйымдар бұрқақ сөніп тұрған кезде де оның тазалығын сақтауға мiндеттi.

15. Көркемдiк безендiру және жарнама

      117. Көркемдiк безендiру және жарнаманы орналастыру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы "Жарнама туралы" Заңы және басқа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

16. Қағиданы бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      118. Осы Қағиданы бұзған заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады