Атырау қаласы Дамбы селолық округінің Пешное елді мекенін тарату туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 18 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 101-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 ақпанда № 2687 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 62737-баптарына сәйкес, Атырау қалалық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс X сессиясында ШЕШТІ:
      1. Атырау қаласы Дамбы селолық округінің Пешное елді мекені таратылсын.
      2. "Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Атырау қаласының әкімі осы қаулы мен шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы мен шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Облыс әкімі
      Г. Сәдуахасова                             Б. Ізмұхамбетов

      Мәслихат хатшысы                           С. Лұқпанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады