Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 33 және 37, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17 және 44 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1. 2012 жылғы қаңтар-наурыз айларында Атырау қаласының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жиырма жеті жасқа толған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеу жұмыстары ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.С. Қарабаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.О. Исмұратов |