Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 126 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 03 мамырда № 4-2-173 тіркелді. Күші жойылды - Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 123 қаулысымен

      Күші жойылды - Жылыой ауданы әкімдігінің 2013.03.07 № 123 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 31-3 "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
      2) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, атап айтқанда:
      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде), жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      3) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің қайталап некеге отырмаған зайыптарына (жұбайларына), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      5) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде.
      Ескерту. Қаулының 1-тармағы 5, 6 тармақшалармен толықтырылды - Жылыой ауданы әкімдігінің 2012.09.20 № 318 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып "Жылыой ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І. Елтезеровке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р. Нұғманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады