Жылыой ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 126 "Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 318 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 қыркүйекте № 2620 тіркелді. Күші жойылды - Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 123 қаулысымен

      Күші жойылды -  Жылыой ауданы әкімдігінің 2013.03.07 № 123 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 31-3 "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 126 "Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-2-173 болып тіркелді және 2012 жылғы 17 мамырда "Кең Жылой" газетінің № 20 санында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін.
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі тармақшалармен толықтырылсын:
      5) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Б. Елтезеровке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           И. Елтезеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады