Ай сайынғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 166 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 маусымда № 4-2-174 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2013.02.28 № 115 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 31-3 "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттағы азаматтарға 3158 (үш мың бір жүз елу сегіз) теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, атап айтқанда:
      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге;
      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайыптарына (жұбайларына).
      2. Әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып "Жылыой ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І. Елтезеровке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Р. Нұғманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады