Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 130 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 мамырда № 4-3-172 тіркелді. Күші жойылды - Махамбет ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 06 ақпандағы № 78 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Махамбет ауданы әкімдігінің 2013.02.06 № 78 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20–бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 314 "Махамбет ауданының 2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      3) қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің зайып (жұбайларына) 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      4) Ауған соғысының ұрыс–қимылдарына қатысушы әскери қызметшілеріне 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      5) Ауғанстандағы немесе ұрыс–қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар–ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      6) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан азаматарға және 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға 5000 ( бес мың) теңге мөлшерінде;
      7) Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      8) он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаларға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      2. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О.Қайрекешова) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Ө. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады