Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 шілдеде № 32 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 тамызда № 4-3-178 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 81 шешімімен

      Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 28.03.2013 № 81 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес және аудандық әкімдіктің ұсынысы негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 236 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-3-146 санымен тіркелген, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 2010 жылғы 4 қарашадағы № 45 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс 5-сессиясының төрағасы                 В. Розинов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  А. Құрманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады