Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 10.12.2012 № 54 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 1 тармағының 11) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 16 шілдедегі № 31 "Махамбет ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-3-179 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 тамыздағы № 32 (6033) "Жайық Шұғыласы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешім ережесінің 2 тарауының 7-тармағы мынадай мазмұндағы 2), 3) және 4) тармақшаларымен толықтырылсын:
2) жыл ішінде жылу беру мерзіміне:
қатты отын мөлшері әр айға - 2 тонна;
табиғи газ мөлшері есеп приборларының көрсеткіші негізінде анықталады.
3) су пайдалану нормасы бір отбасына тәулігіне – 75 литр;
4) қоқыс шығару ай сайын бір отбасына – 1 контейнер.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ш. Торбаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
7-сессиясының төрағасы А. Ерманов
Аудандық мәслихат хатшысы А. Құрманбаев