Қызылқоға ауданында жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 64 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 сәуірде № 4-5-159 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 31 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 23.01.2015 № 31 қаулысымен (қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2), 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес жұмысқа орналастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылқоға ауданының меншік нысанына қарамастан барлық мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдарына жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін және бір пайызы мөлшерінде қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілеу ұсынылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Аудан әкімі С. Рысқалиев
      Келісілді:
      Қызылқоға аудандық орталық
      ауруханасының бас дәрігері: С. Тайшыбай
      11 сәуір 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады