1995 жылы туған Индер ауданының азаматтарын 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 8 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 ақпанда № 4-6-125 тіркелді. Күші жойылды - Индер ауданы әкімінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 16 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Индер ауданы әкімінің 2012.03.26 № 16 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының Заңының 1617 баптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын басшылыққа алып ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылдың қаңтар–наурыз айларында Атырау облысы Индер ауданының тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.
      3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Сарсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады