Ескерту. Күші жойылды - Индер аудандық әкімдігінің 2013.02.13 № 583 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына және 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қызылқоға аудандық мәслихаты сессиясының "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" № ХХХIV-2 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі санаттағы азаматтарға 3 158 (үш мың бір жүз елу сегіз) теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
2) Жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге.
2. Материалдық көмек көрсету және төлеу уәкілетті органы болып "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 4 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі С. Рысқалиев