Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 13.06.2014 № 216 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 18 мамырдағы "Индер ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 152 қаулысына (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 4-6-130 тiркелген, аудандық "Дендер" газетінің 2012 жылдың 21 маусымындағы № 25 (7864) санында жарияланған) келесi толықтыру енгiзiлсiн:
қосымшаға сәйкес 1 қосымша 22 тармақпен толықтырылсын:
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсiн.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
4. Индер ауданы әкімі аппараты осы қаулыны интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Иманғазиев
Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 30 шілдедегі № 221
қаулысымен бекітілген қосымша
Ұйымдардың тізбесі және қоғамдық жұмыстардың түрлері
№ |
Ұйымдардың тізбесі |
Қоғамдық жұмыстың түрі |
22 |
"ИнТехЖайық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Сумен қамту, су, кәріз жүйелері құбырларының жөндеуіне қатысу, құрылыс жұмыстары |