Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 маусымдағы № 227 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 шілдеде № 4-8-230 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы № 105 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013.02.21 № 105 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 мамырдағы № 40-V "Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттағы азаматтарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) жалғыз басты мүгедектерге;
      2) жоғарғы және арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын тұл жетім студенттеріне;
      3) кәмелет жасқа толмаған тұл жетімдерге;
      4) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      5) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге;
      6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Құрманғазы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;
      7) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Құрманғазы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол кезде есебінде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғаларға;
      8) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бір айдан ұзаққа созылған ауру) тұлғаларға;
      9) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардың күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын студенттерге;
      10) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан 1 жасқа дейінгі жасанды тамақтандырылатын балалары бар тұлғаларға;
      11) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерілуге жіберілген тұлғаларға.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Такешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады