Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 143 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 маусымда № 2078 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 60 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  04.03.2014 № 60 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлімі) 44-тарауына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы 75-бабының 3-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасы бекітілсін.
      2. "Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік үлесін сенімгерлік басқаруға беру ережесін» бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 3 маусымдағы № 280 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1396-нөмірмен тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде 2004 жылғы 19 маусымда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Облыс әкімінің бірінші орынбасары          Б.Оспанов
      Облыс әкімі аппаратының басшысы            Б.Жылқышиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Б.Әлиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Ә.Бектаев
      Облыс әкімінің орынбасары                  С.Қаныбеков
      Облыс әкімінің орынбасары                  С.Тұяқбаев
      Облыстық экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасының бастығы            Е.Садыр
      Облыстық қаржы басқармасының бастығы       Р.Исаева

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы «21» мамырдағы
№ 143 қаулысымен бекітілген

      Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін
сенімгерлік басқаруға беру қағидасы

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлік объектілерін сенімгерлік басқаруға берудің, оның ішінде тендер өткізудің, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасудың және сенімгерлік басқарудың шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы;
      2) коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы – коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі кейбір бөлек міндеттерді атқаруға әкімдікпен уәкілетті болған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      3) нарықтық құн – кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын объектінің құны;
      4) объект – мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешені, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері), ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда сенімгерлік басқару шартының объектісі болып табылатын өзге мемлекеттік коммуналдық мүлік;
      5) сенімгерлік басқарушы – коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
      6) тендер – коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы өзі ұсынған шарттардың негізінде тендер жеңімпазымен шарт жасасуға міндеттенетін, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурстық сауда - саттық нысаны;
      7) тендер жеңімпазы – тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы талаптарды ұсынған тендерге қатысушы;
      8) тендерге қатысушы – тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға;
      9) тендерлік комиссия – коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрылған комиссия;
      10) теңгерім ұстаушысы - иелігінде (теңгерімінде) мемлекеттік коммуналдық мүлкі бар ұйым;
      11) тиімсіз мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын - үш жылдың ішінде ағымдағы, негізгі және негізгі емес қызмет көрсеткіштерінің төмендеуіне және/немесе олардың жоспарланған мөлшерлерді қамтамасыз етпеуіне жол берген, немесе қатарынан үш жылдың ішінде таза табыс бойынша жоспарлық көрсеткіштерін орындамаған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын;
      12) шарт – коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы мен сенімгерлік басқарушының арасында жасалатын объектіні сенімгерлік басқарудың шарты.

2. Объектіні сенімгерлік басқаруға берудің тәртібі

      3. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім тиісті жергілікті атқарушы органмен қабылданады.
      4. Кейіннен сатып алу құқығымен, сонымен қатар тиімсіз мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды оңалту үшін объектіні сенімгерлік басқаруды құрған жағдайда тендерді өткізу міндетті болып табылады.
      Кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлік басқару кезінде тiкелей атаулы сату шарты сенiмгерлік басқару шартын сенімгерлік басқарушымен тиісті орындау шарты кезінде сенімгерлік басқару мерзімінің аяқталу күнінен 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жасалады.
      Тiкелей атаулы сату объектісін сатып алу Заңмен белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
      Коммуналдық меншік объектілері кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілгенде, сенімгерлік басқаруға берудің мерзімі 1 (бір) жыл болып белгіленеді.
      5. Тиімсіз мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар тиімсіз мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ұсыныстарды коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына енгізеді.
      6. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беруді келесі жағдайларда:
      1) объектіні заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеу есебіне бергенге дейін;
      2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде алаңы 100 шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен жайларды, қалдық құны ең төменгі есепті көрсеткіштен бір жүз елу еселенгеннен кем емес жабдықты бергенде тендер өткізбестен жүзеге асырылады.
      Кейiннен сатып алу құқығынсыз сенiмгерлік басқаруға объектіні тапсыру сенімгерлік басқарушымен шартты жасағаннан кейін 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
      7. Объектіні сенімгерлік басқаруға тендер өткізбестен берген кезде, еркін түрде мүдделі тұлғаның сенімгерлік басқаруына объектіні беруге арналған өтінімге мынандай құжаттар қоса беріледі:
      1) теңгерім ұстаушының объектіні сенімгерлік басқаруға жазбаша келісімі;
      2) объектінің қажеттілігіне негіздеме;
      3) заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы), салық төлеуші куәлігінің көшірмелері, салықтық берешектің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері;
      жеке кәсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері, салықтық берешектің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы.
      8. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге өтінімді коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысымен он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады.
      9. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімгерлік басқарушымен коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы не оның міндетін атқарушы тұлға жергілікті атқарушы органымен тиісті шешімді қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарт жасасады.

3. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау

      10. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындауды коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.
      11. Басқару органы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объекті болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы үш жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық ақпаратты, объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты береді.
      Өзге объектілер бойынша басқару органы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына объектінің сипаттамасын, объектінің теңгерімдік құны туралы мәліметтерді және объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты береді.
      12. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша сұрау салуы бойынша, олар белгілеген мерзімде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді береді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.

4. Тендер өткізуге дайындық

      13. Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы сенімгерлік басқаруды құру мақсатында:
      1) тендер ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, тендерге қатысушыларды тіркейді, ақпараттық хабарламалардың жариялануын қамтамасыз етеді);
      2) кепілдік жарналарды қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні бағалауды жүргізуге шарттар жасасады;
      4) тендердің өткізілу барысын бақылауды жүзеге асырады;
      5) тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен тендер өткізу рәсімдеріне байланысты есептерді жүзеге асырады;
      6) сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады.
      14. Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін тұрақты тендерлік комиссия құрады.
      Тендерлік комиссияның құрамына коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының, басқару органының, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері енгізіледі. Төраға мен хатшы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия құрамының саны кемінде бес адамнан тұрады. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болмайды.
      15. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;
      2) тендердің шарттары және сенімгерлік басқару нысанының сипаттамаларына орай сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптарды белгілейді;
      3) тендер өткізеді;
      4) тендер жеңімпазын жариялайды.
      16. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыруға және өткізуге қажетті құжаттарды дайындайды және тендерлік комиссия хаттамасын осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша ресімдейді.
      17. Тендерді өткізуге дайындық кезінде коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы объекті туралы ақпарат жинауды, ақпараттық хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді, тендерге қатысуға осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді, бағалауды (объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) жүргізеді, келіп түскен материалдарды тендерлік комиссияның қарауына береді.

5. Тендерлік құжаттама

      18. Тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама тендер өткізудің жарияланған күніне дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын, ал акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендерді өткізгенге дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын мерзімде интернет-ресурсында орналастырылады және/немесе баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады, әрі мынандай мәліметтерді:
      1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын анықтау өлшемдерін;
      2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;
      3) тендерді өткізу күнін, уақыты мен орнын;
      4) тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың тәртібін, тәсілін, орны мен соңғы мерзімін және тендерге қатысуға өтінім қолданысының талап етілетін мерзімін;
      5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оның енгізу үшін банктің деректемелерін;
      6) сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптарды;
      7) басқару органдары ұсынған қосымша мәліметтерді қамтиды.
      19. Тендерлік комиссиямен тендердің шарттары өзгертілген жағдайда барлық өзгерістер туралы хабарлама осы Қағиданың 18-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жариялануы тиіс.
      Тендер шарттарын өзгерту туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім тапсырған және оған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан тұлғаларға кепілдік жарналары мен өздеріне келтірілген шығыстары толық көлемде қайтарылады.
      20. Ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы мынадай құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар пакетін дайындауы тиіс:
      1) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
      2) жарғы;
      3) эмиссияны тіркеу туралы куәлік;
      4) есепті кезеңнің алдындағы үш жылдағы қосымшаларымен бухгалтерлік теңгерімдер;
      5) мемлекеттік мүлік тізілімінен үзінді.
      Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендерге қатысушы болуға тілек білдіргендерге объекті туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
      21. Тендерге қатысушылар тендер өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен кепілдік жарна енгізеді. Кепілдік жарнаның мөлшерін ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертуге болмайды. Кепілдік жарнаны қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізе алады. Кепілдік жарнаны алушы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы болып табылады.
      22. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір объект үшін оның нарықтық құнының немесе теңгерімдік құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) он пайызы шегінде бөлек белгіленеді.
      23. Кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады:
      1) жеңген жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
      2) коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысымен шарт жасасу.
      24. Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы кепілдік жарнаны:
      тендерге қатысушыларға – тендерге қатысудан оны өткізу күнінен үш жұмыс күнінен кем уақыт қалғанда бас тартса, осы Қағиданың 19-тармағының екінші бөлігінде қарастырылғаннан өзге жағдайларда;
      тендердің жеңімпазына – тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан жалтарған кезде қайтармайды.
      25. Осы Қағиданың 24-тармағында көрсетілген басқа барлық жағдайларда кепілдік жарна тендер аяқталған күннен бастап он банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал егер ақша коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының шотына тендер өткізілгеннен кейін түссе, онда олар түскен күннен бастап банктік он күн ішінде қайтарылады.
      Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушының деректемелері көрсетіліп, осы қатысушы берген кепілдік жарнаны қайтару туралы еркін түрде өтініштің негізінде қайтарылады.

6. Тендерді өткізу

      26. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.
      27. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:
      1) тендерге қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялаған жағдайда оның жазбаша, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға өтінімді;
      2) тендерді өткізу күнге дейін ашуға жатпайтын, басқа құжаттардан бөлек желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды басқа құжаттардан бөлек әлеуетті қатысушының мекен-жайы мен «ОБЪЕКТІ БОЙЫНША КОНКУРС» (объектінің атауы көрсетіледі) және «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» (конвертті ашатын күн мен уақыт көрсетіледі) мазмұндағы мәтіні көрсетілген желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды;
      3) банктің (банктердің) мөрі басылған бірінші басшы немесе қол қоюға құқығы бар адам және бас бухгалтер қол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын банк (банктер) алдында тендердің ықтимал қатысушысының мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы. Егер тендерге ықтимал қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің, сондай-ақ шет ел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудитті міндетті өткізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебін;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып көшірмесін;
      6) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып жарғының көшірмесін. Шет ел заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасымен ұсынады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, осы салық органының мөрі бар бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар адам қол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      8) коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының депозит шотына кепілдік жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртектің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын;
      9) тендерге ықтимал қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжатты (жеке куәлікті, паспортты (шет ел азаматтары үшін) не ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәлікті ұсынған жағдайда жарамды);
      10) ықтимал қатысушының ақпараттық хабарламада көрсетілген сенімгерлік басқаруға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
      28. Жеке тұлға болып табылатын тендердің ықтимал қатысушысы осы Қағиданың 27-тармағындағы 1), 2), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ:
      1) жеке куәліктің, паспорттың (шет ел азаматтары үшін) немесе ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәліктің көшірмесін;
      2) тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмастан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесін (дара кәсіпкер үшін) ұсынады.
      29. Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі.
      30. Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес Тендердің шарттарында қарастырылған қызмет түрлерін жүргізбейтін заңды тұлға тендерге қатыспауы тиіс.
      31. Тендердің ықтимал қатысушыларының құжаттары тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендер өткізілетін күні тендерге қатысушылардың құжаттары тендерлік комиссияға беріледі.
      32. Тендер ашық болуы тиіс.
      33. Тендерлік комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерін ашады және жеңімпазды анықтау өлшеміне (өлшемдеріне) сүйене отырып, тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.
      34. Тендерлік комиссияның шешімі оның мүшелерінің жай дауыс беру көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

7. Тендер нәтижелерін ресімдеу және шарт мазмұны

      35. Тендерлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссияның мүшелері, оның төрағасы және тендер жеңімпазы қол қояды. Тендерлік комиссияның мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша беруге және оны хаттамаға қоса беруге құқылы, ол туралы соңында белгі қойылады.
      36. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер жеңімпазы мен коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының тендер шарттарында шарт жасасу міндеттемелері мен тендер жеңімпазының ұсыныстарын белгілейтін құжат болып табылады.
      37. Тендер нәтижелерін тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы бекітеді.
      Мынадай жағдайларда, егер:
      1) тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстарын тендер шарттарын қанағаттандырмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін деп таныса;
      2) тіркелген қатысушылардың саны екеуден кем болса;
      3) тендерлік комиссия жеңімпаздың жоқ екені туралы шешім қабылдаса;
      4) тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса, тендер өткізілмеді деп танылады.
      Тендер өтпеген деп танылған жағдайда, тендерлік комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
      объектіні тендерден алып тастайды;
      қайта тендер жариялайды;
      шарттарын өзгертіп жаңа тендер жариялайды.
      38. Тендердің бір тіркелген қатысушысы болған жағдайда тендерлік комиссия желімделген конвертті ашпайды. Тендер өткізілмеді деп танылғаннан кейін барлық ұсынылған құжаттар қатысушының жазбаша сұрауы бойынша оған қайтарылады.
      39. Объекті шарт жасасуға ниет білдірген жалғыз қатысушыға берілуі мүмкін үшінші және кейінгі тендерлерді қоспағанда, бір қатысушы қатысқан тендерлер өткізілмеді деп танылады.
      40. Мыналар:
      кәсіпорын қызметінің негізгі түрін сақтау;
      мыналарды:
      табыстылықты арттыру мақсатында қаржы көрсеткіштерін жақсарту бойынша ұсыныстарды;
      тиімді шаруашылық қызмет мақсатында өндіріс құрылымын, оның техникалық-технологиялық базасын қайта құру бойынша ұсыныстарды;
      маркетингтік қызметті ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды;
      неғұрлым ұтымды шарттарда қажетті қаржы қаражатын тарта отырып, кәсіпорынды қаржылық тұрақтандырудың (оңалтудың) қолданылатын тетіктері бойынша ұсыныстарды;
      бағдарламаны іске асыру мерзімін қамтитын кәсіпорынның қаржылық оңалту бағдарламасының болуы тиімсіз мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер жеңімпазын анықтаудың негізгі шарттары болып табылады.
      Басқару органы кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынуы мүмкін.
      41. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша жасалатын шарт негізінде туындайды (құрылады).
      42. Шарт тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды қарастырады.
      43. Мыналарға:
      объектіге инвестициялардың көлемдеріне, түрлеріне және мерзімдеріне;
      өндіріс көлемдеріне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасына;
      нақты тұтынушыларға өнімді жеткізуге;
      баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулерге;
      табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге;
      қолда бар санын сақтап қалуға немесе жаңа жұмыс орындарын құруға;
      өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалану тәртібіне;
      объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеуге;
      сенімгерлік басқарушының объектіні кейін сатып алуына;
      мәмілелер жасасуға және/немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты айқындалған әрекеттерге тыйым салуға;
      объектінің нарықтық құнын төлеу үшін бөліп төлеуді ұсынуға;
      объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде туындайтын салықтық міндеттемелерге қатысты сенімгерлік басқару міндеттемелері сенімгерлік басқару объектінің сипаттамасына орай объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары болуы мүмкін.
      Басқару органы кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынады.
      44. Объектіні сенімгерлік басқарушының сатып алу шарттары шартпен анықталады.
      Сенімгерлік басқарушыға объектіні сатуға ол шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі. Объектіні сату сатып алу-сату шартын жасасу арқылы нарықтық құн бойынша жүзеге асырылады.
      Сенімгерлік басқару мерзімі ішінде нарықтық құн инфляция деңгейіне сәйкес индекстеуге жатады және сатып алу-сату шартын жасасқан күннен кейін үш жылдан аспайтын мерзімге бөліп төленуі мүмкін. Нарықтық құнды бөліп төлеу мүмкіндігі сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендердің шарттарына енгізіледі. Нарықтық құнды бөліп төлеудің мерзімі мен тәртібі сатып алу-сату шартында айтылады.

8. Шарттың орындалуын бақылау

      45. Сенімгерлік басқарушымен шарт бойынша міндеттемелерін орындалуын бақылауды коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.
      46. Бақылауды жүзеге асыру үшін коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы Шарттың орындалуына байланысты құжаттармен танысады, сондай-ақ қажет болған жағдайда тәуелсіз консультанттарды тарта отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес объектіні басқару тиімділігінің жыл сайынғы мониторингін жүргізеді.
      47. Сенімгерлік басқарушы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысына өзінің қызметі туралы есепті шартта белгіленген мерзімдерде және тәртіппен ұсынады.
      48. Шарт талаптарының орындалуын бақылау сенімгерлік басқарушы міндеттемелерді орындауды аяқтаған сәтке дейін жүргізіледі.

9. Қорытынды ережелер

      49. Осы Қағидамен қарастырылған сенімгерлік басқару қатынастарына, Заңмен қарастырылған жағдайлардан басқа, осындай қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары тарайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық
мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасына
1-қосымша

      Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға
ӨТІНІМ

      1. Кейiннен сатып алу ____________ ______ мерзiмге
                        (құқығымен/құқығынсыз) (жыл)
_____________________________________________________
      (объектiнiң атауы)

сенiмгерлiк басқаруға беру жөнiндегi тендер өткiзу туралы жарияланған
ақпараттық хабарламаны қарап және Оңтүстік Қазақстан облысының
коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасымен таныса
отырып, мен, өтiнiмге қол қоюға уәкiлеттi, төменде қол қоюшы,
_____________________________________________________
      (толық аты-жөнi, тегi)

_____________________________________________________ атынан
      (атынан тапсырыс берiп отырған Қатысушы көрсетiледi)

тендерге қатысу өтiнiмiн қабылдауды және 20_ жылғы «_»
_________________________ мекенжай бойынша өтетiн тендерге қатысушы
ретiнде тiркеудi сұраймын.

      2. Бiз (мен) ________________________ сомасында
      (теңгедегi сома, сондай-ақ жазумен көрсетiледi)
тендерге қатысу үшiн ақпараттық хабарламада көрсетiлген
____________________________________________ депозиттiк шотына:
______________________________________________________
            (ЖБК, БИК, СТН, төлем коды, Кбе, мекеменiң коды)

кепiлдiк жарна енгiздiк (енгiздiм).
      3. Бiздiң (менiң) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес
еместiгiмiз айқындалған жағдайда, бiз (мен) тендерге қатысу құқығынан
айырылатынымызға (ма), бiз (мен) тендерде жеңiске жеткен жағдайда бiз
(мен) қол қойған Тендердiң нәтижелерi туралы хаттама мен Сенiмгерлiк
басқару шарты жарамсыз деп танылатына келiсемiн.
      4. Егер біздің (менің) тендерлік құжаттама жеңді деп танылған жағдайда, өзімізге тендерді өткізген күні Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және тендер аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін аламыз.
      5. Біз енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мынадай:
      - тендер өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан;
      - тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Сенімгерлік басқару шартына қол қоюдан жалтарған;
      - менің (біздің) Қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайларда Департаментте қалатынымен келісеміз (мін).
      6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
      7. Өтінішке:
      1) __________________________________________
      2) __________________________________________
      3) __________________________________________
қоса берiлiп отыр.
      8. Төлем деректемелерi:
___________________________________________________
      (бенефициар-банктiң деректемелерi: банктiң атауы, СТН, ЖСК, БСК)
___________________________________________________
      (алушының деректемелерi: атауы, СТН, ЖСК, Кбе, ағымдағы шоты)

      9. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе аты-жөнi)
және жеке тұлғаның паспорттық деректерi мен тұратын жерi (мекенжайы,
телефон, факс және т.б.____________________________
________ __________________________________________
(қолы) (сенiмхаттың негiзiнде әрекет ететiн уәкiлеттi тұлғаның аты-жөнi)

      20_ жылғы «__» ________

      (М.О.)

Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық
мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасына
2-қосымша

      Кейiннен сатып ____________________ _________ мерзiмге
            (құқығымен/құқығынсыз) жыл
      _____________________________________________
            (объектiнiң атауы)

сенiмгерлiк басқаруға беру жөнiндегi тендердiң нәтижелерi
туралы хаттама

Тендер өткiзiлетiн күн: __________________________
Тендер өткiзiлетiн жер: __________________________
Сенiмгерлiк басқару құрылтайшысы:_________________
__________________________________________________

Сенiмгерлiк басқару объектiсi: ___________________
                        (объектiнiң толық сипаттамасы:
________________________________________________________________
      мемлекеттiк акциялар пакетi, қатысу үлесi, мүлiктiк кешенi,
___________________________________________________
      жылжымалы және жылжымайтын мүлкi)

Сенiмгерлiк басқару объектiсiнiң орналасқан жерi:
___________________________________________________
      (мекенжайы, телефон, факс, т.б.)
Объектiнiң құны: __________________________________
      (теңгерiмдiк/ағымдағы)

Тендерге _________(_____________) қатысушы қатысты.
      (саны, оның iшiнде жазумен)

Тендер нәтижелерi:
      1. Тендердiң жеңiмпазы: ____________________
      (тендер жеңiмпазы деп танылған Қатысушы көрсетiледi)
      2. Тендер шарттары және Тендер жеңiмпазының ұсыныстары:
      1) __________________________________________
      2) __________________________________________
      3) __________________________________________
      4) __________________________________________

Тендердiң нәтижелерi туралы хаттама тендер аяқталғаннан кейiн он
күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Тендер жеңiмпазы мен Сенiмгерлiк
басқару құрылтайшысының сенiмгерлiк басқару шартын жасасу
мiндеттемесiн тiркейтiн құжат болып табылады.
___________________________________________________
(тендердiң нәтижелерiмен және тендер жеңiмпазының мiндеттемелерiмен
___________________________________________________
      танысу туралы тендер жеңiмпазы деп танылған Қатысушының
____________________________________________________
      уәкiлеттi тұлғасының өз қолымен қойған белгiсi көрсетiледi)
_______ ______ ___________________________________
(күнi) (қолы) (аты-жөнi, тегi)
Осы хаттама Сенiмгерлiк басқару құрылтайшысы мен Тендер
жеңiмпазы үшiн бiр-бiрден екi данада жасалған.
Комиссия төрағасы: ___ ____________________________
                        (қолы) (аты-жөнi, тегi)

Комиссия төрағасының орынбасары ___ _______________
                              (қолы) (аты-жөнi, тегi)

Комиссия мүшелерi: _______ ________________________
                        (қолы) (аты-жөнi, тегi)

      _______ ________________________
            (қолы) (аты-жөнi, тегi)

      _______ ________________________
            (қолы) (аты-жөнi, тегi)

Комиссия хатшысы: _______ ________________________
                        (қолы) (аты-жөнi, тегi)

Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық
мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасына
3-қосымша

      Сенімгерлік басқарудың үлгі шарты
(Кейіннен сатып алу құқығымен/құқығынсыз)
_______________________________
(объектiнiң атауы)

_____________ қ.(с.) № _____ 20__ ж. « ____» _______
бұдан әрi «Құрылтайшы» деп аталатын
____________________________________________________
      (облыстық коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкiлеттi органның атауы)
атынан_______________________________негiзiнде әрекет ететiн Басшы ____________________________________________________
      (аты-жөнi)
бiр тараптан және бұдан әрi «Сенiмгерлiк басқарушы» деп аталатын,
____________________________________________________
(20__жылғы «__» _______ № ___ жарғының, ереженiң, сенiмхаттың)
 
негiзiнде әрекет ететiн ____________________________
                  (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның аты-жөнi)
екiншi тараптан бiрлесiп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегi
туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

1. Шарттың мәнi

      1. Бұдан әрі Объект деп аталатын Құрылтайшы Сенiмгерлiк басқарушыға ________________________________________
                        (мүлiк атауы)
сенiмгерлiк басқаруға бередi, ал Сенiмгерлiк басқарушы Шарт бойынша пайда алушы болып табылатын Құрылтайшының мүдделерiне сай басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.
      2. Сенiмгерлiк басқаруға берiлетiн Объектiнiң сипаттамасы:
      ______________________________________________
      ______________________________________________
      3. Объект Сенiмгерлiк басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртiппен және шарттарда сенiмгерлiк басқаруға берiледi.
      4. Сенiмгерлiк басқарушы Объектiнi сенiмгерлiк басқаруды иелiктен шығару және оны кепiлге беру құқығынсыз жүзеге асырады.
      5. Осы Шарт Сенiмгерлiк басқарушының Объектiге сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негiздеме болып табылады.
      6. Құрылтайшы Объектi Сенiмгерлiк басқарушыға берiлген күнi ол:
      1) кепiлде тұрмағанын;
      2) үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын/салынбағанын;
      3) сатуға қойылмағанын растайды.
      7. Объектiнi сенiмгерлiк басқаруға беру оның меншiк құқығын беруге әкеп соқтырмайды.
      8. Сенiмгерлiк басқарушының Объектiнi басқару бойынша құқықтары мен мiндеттерi Объектi Сенiмгерлiк басқарушыға берiлген сәттен басталады. Объектiнi беру (қабылдап алу-беру актiсiн әзiрлеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердiң, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысушылардың тiзiлiмiне сай жазбаларды енгiзу немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлетiн Объектiге байланысты өзгесi) осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап _____________________________ жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

2. Тараптардың құқықтары

      9. Құрылтайшының:
      1) жазбаша сұрау бойынша Объектiнi басқару жөнiндегi Сенiмгерлiк басқарушының қызметi туралы ақпарат (есеп) алуға;
      2) осы Шарт бойынша Сенiмгерлiк басқарушының қызметiне араласпай, Сенiмгерлiк басқарушы мiндеттемелерiнiң орындалуын, оның iшiнде Объектiнi басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүргiзу, Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалуы жөнiндегi Басқарушының есебiн тыңдау жолымен бақылауға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де әрекеттердi жасауға құқығы бар.
      10. Сенiмгерлiк басқарушының:
      1) Құрылтайшының мүддесiне сай сенiмгерлiк басқаруға берiлген Объектiге қатысты заңды және iс жүзiндегi iс-әрекеттердi жасауға;
      2) мемлекеттік мүлікті сенiмгерлiк басқару кезiнде өзi шығарған қажеттi шығыстарды өзiне сенiмгерлiк басқаруға берiлген мүлікті пайдаланудан түскен табыстар есебiнен ғана өтеуге;
      3) осы Шартта белгiленген шектеулердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыйақыны алу құқығын қоспағанда, өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне сенiмгерлiк басқаруға берiлген Объектiнi сатып алуға құқығы бар.

3. Тараптардың мiндеттерi

      11. Құрылтайшы:
      1) Сенiмгерлiк басқарушыға Объектiнi осы Шартта белгiленген мерзiмде сенiмгерлiк басқаруға беруге;
      2) Сенiмгерлiк басқарушыға осы Шарт бойынша оның мiндеттемелерiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды беруге;
      3) осы Шарттың әрекет ету мерзiмi iшiнде Сенiмгерлiк басқарушыны хабардар етпей, Объектiнi сенiмгерлiк басқаруға үшiншi тұлғаларға беру туралы шешiмдер қабылдамауға;
      4) Объектiнi кепiлдiкке бермеуге, үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың әрекет ету мерзiмi iшiнде үшiншi тұлғаларға сатуға қоймауға мiндеттi.
      12. Сенiмгерлiк басқарушы:
      1) Объектiнi тиiмдi басқаруды жүзеге асыруға;
      2) Объектiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
      3) Сенiмгерлiк басқаруға берiлген Объектiмен жүргiзiлген мәмiлелердi өз атынан жасай отырып, Сенiмгерлiк басқарушы ретiнде әрекет етiп отырғанын көрсетуге;
      4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қажеттi болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкiлеттi мемлекеттiк органдардан алуға;
      5) Осы Шартқа сәйкес Сенiмгерлiк басқарушының құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруға;
      6) Объектiнi iс жүзiнде иелiктен шығаруға, оның iшiнде оны кепiлге беруге әкеп соғатын заңды және iс жүзiндегi әрекеттердi жасамауға;
      7) Құрылтайшыға өзiнiң Шартты тиiсiнше орындамауы салдарынан келтiрiлген шығындардың орнын толтыруға;
      8) Шартты тиiсiнше орындау мақсатында сенiмгерлiк басқару бойынша әрекеттер нәтижесiнде туындайтын мiндеттердi орындауға;
      9) Құрылтайшыға ____________ өз қызметi туралы есеп беруге;
      (ұсыну мерзiмдерi)
      10) Осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күн iшiнде осы Шартты мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыруға;
      11) Объектiнi Құрылтайшыға осы Шарттың күшi жойылғанда (шарттың мерзiмi аяқталғанда, Шартты мерзiмiнен бұрын бұзғанда) 10 жұмыс күнi iшiнде беруге;
      12) басқа да мiндеттердi орындауға (сенiмгерлiк басқаруға берiлетiн Объектiге байланысты) мiндеттi.

4. Тараптардың жауапкершiлiгi

      13. Сенiмгерлiк басқарушы Құрылтайшының мүддесiне сай ескерiлмейтiн күш әрекетiмен келтiрiлген зиянды есепке алмағанда, кез келген келтiрiлген зиян үшiн жауапты болады.
      14. Тараптар осы Шарт бойынша өздерiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Форс-мажор

      15. Егер осы Шарт бойынша мiндеттемелерiнiң толық немесе iшiнара орындалмауы ескерiлмейтiн күш жағдайларының (жер сiлкiнiсi, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттiк органдардың мiндеттемелердiң орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бiр кедергi келтiретiн нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруы) салдарынан болса, бұл жағдайлар Тараптардың еркiне тәуелдi болмаған және осы Шарт бойынша Тараптардың кез келгенi өздерiнiң мiндеттемелерiн орындауы мүмкiн болмаған жағдайда Тараптар ол үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
      16. Осы Шарт бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi ескерiлмейтiн күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар болған уақытқа тең кезеңге кейiнге қалдырылады.
      17. Тараптардың кез келгенi ескерiлмейтiн күш жағдайлары туындаған кезде екiншi Тарапқа осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде 30 күнтiзбелiк күнi iшiнде хабарлауға мiндеттi.
      18. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты кез келген жоғарыда көрсетiлген жағдайға мiндеттеменiң орындалмауы жауапкершiлiгiнен босататын негiздеме ретiнде сiлтеме жасау құқығынан айырады.
      19. Егер Тараптардың мiндеттемелердi толық немесе iшiнара орындауының мүмкiн еместiгi 2 (екі) күнтiзбелiк айдан асса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

6. Құпиялылық

      20. Тараптар Шартта қамтылған барлық ақпарат құпия болып табылады деп келiстi және Тараптар оны қорғау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
      21. Тараптардың әрқайсысы екiншi Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға мiндеттенедi және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екiншi Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.

7. Дауларды шешу

      22. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен шешiледi.
      23. Даулар мен келiспеушiлiктердi келiссөздер жолымен шешу мүмкiн болмаған жағдайда, дау заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қарауға жатады.

8. Шарттың қолданылу мерзiмi

      24. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi және _________________________ дейiн әрекет етедi.

9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

      25. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады. Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделi мемлекеттiк басқару органдары өкiлдерiнiң қатысуымен комиссия құра алады. Сенiмгерлiк басқарушы осындай комиссияның қарауына қажеттi құжаттар мен есептердi комиссия белгiлеген нысан бойынша және мерзiмдерде беруi тиiс.

10. Өзге де талаптар

      26. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      27. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасасу арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар, олар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптардың қол қоюға уәкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.
      28. Барлық қосымша келісімдер осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және уәкілетті Тараптар қол қоюға тиіс.
      29. Осы Шарттың әрекет ету мерзімінің тоқтатылуы, ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.
      30. Осы Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде 2 данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

11. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi

      Құрылтайшы            Сенiмгерлiк басқарушы

      _____________            __________________
      _____________            __________________

      Тараптардың қолдары:

      ______ ______            _________ _________
      (қолы) (тегi, аты-жөнi)            (қолы) (тегi, аты-жөнi)

      М.О. М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады