Түркістан қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 11 қаңтардағы N 53/359-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 қаңтарда N 14-4-112 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 01-09/14 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 30.01.2013 № 01-09/14 хатымен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2012.04.17 № 3/22-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қаулысының 2-тармағына және қала әкiмiнiң мәлімдемесіне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТI:
      1. Түркістан қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, 2012 жылы бiр маманға жетпiс есептiк айлық көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттік кредиті ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2012.04.17 № 3/22-V Шешімімен.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Е.Тәңірбергенов

      Қалалық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы                          М.Ибраим
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады