Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 53/359-IV "Түркістан қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 3/22-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 26 сәуірде № 14-4-118 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 01-09/14 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 30.01.2013 № 01-09/14 хатымен.

      Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына,   "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына және қала әкiмiнiң  09.04.2012 жылғы мәлiмдемесiне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТI:
      1. "Түркістан қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 53/359-IV (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 14-4-112 тіркелген, 2012 жылы 4-ақпандағы «Түркістан» газетінің 7-8 нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбында:
      орысша мәтініндегі «предоставлении» деген сөзден кейін «в 2012 году» деген сөзбен толықтырылсын;
      «мәдениет және спорт» деген сөздер «мәдениет, спорт және ветеринария» деген сөздермен ауыстырылсын;
      орысша мәтініндегі «Туркестан» деген сөзден кейін «на 2012 год» деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармағындағы:
      «мәдениет және спорт» деген сөздер «мәдениет, спорт және ветеринария» деген сөздермен ауыстырылсын.
      «сатып алу» деген сөзден кейін «немесе салу» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      М.Ибраим

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ.Рысбеков      
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады