Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 30.01.2013 № 13/99-V шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4)тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызмет стандартының 6, 11 тармақтарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
1. Қазығұрт ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетілсін:
1) басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, біржолғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттардың ішінен 80 жастан асқан адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Жеңіс күніне орай - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, олардың жесірлеріне, біржолғы 6,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) қарттар мен мүгедектер күніне орай - үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға, біржолғы 1,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мұқтаж мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:
серуендеуге арналған қоларбаға 55,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бөлмеге арналған қоларбаға 24,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) зейнеткерлер мен мүгедектерге шипажай немесе оңалту орталықтарына жолдама үшін, біржолғы 24,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына табыстарын есепке алмай және өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға бiржолғы 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
8) жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға ірі қара мал алу үшін бiржолғы 92 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
9) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына табыстарын есепке алмай, өтемақы үшін ай сайын 22 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.
2. «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi нақты құжаттар тiзбесi осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ж.Қарабеков
Аудандық мәслихат хатшысы М.Момынов
Қазығұрт аудандық мәслихатының
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 3/17-V шешiмiне қосымша
"Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi
1. Әлеуметтік көмектің барлық түрлері үшін:
1) әлеуметтiк көмекке өтiнiш жасаған тұтынушының өтiнiшi;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшiн – туу туралы куәлiк;
3) алушының салық төлеушi куәлiгi;
4) алушының тұратын жерi бойынша тiркеудi растайтын құжат;
5) алушының банктiк шоты бар болуын растайтын құжат;
6) алушының заңды өкiлi өтiнiш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат қоса берiледi.
2. Әлеуметтік көмектің келесі түрлерін тағайындау үшін мыналар қоса беріледі:
1) барлық санаттағы мүгедектер мен зейнеткерлерге, табыстарын есепке алмай, шипажай немесе оңалту орталықтарына жолдама үшін:
алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi;
шипажай-курорттық картасынан немесе медициналық картасынан үзiндi;
мүгедектiң шипажайда немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат.
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, басылымдарға жазылу үшін:
егер аталған азамат уәкiлеттi органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына табыстарын есепке алмай, және өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға:
емделуде болғанын растайтын, тиiстi медициналық ұйымнан анықтама;
ауыл округі әкімі жанындағы учаскелік комиссияның актісі.
3. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа мен көшiрмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге өтiнiш берген күнi қайтарылады.