Ордабасы ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 наурыздағы № 2/7 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 30 наурызда № 14-8-124 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 маусымдағы N 5/9 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2012.06.14 N 5/9 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ордабасы ауданында иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Қағидасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезекті ІІ сессиясының төрағасы            Б.Тәйтелі

      Аудандық мәслихат хатшысы                  П.Жұрман

Ордабасы аудандық мәслихаттың
12 наурыз 2012 жылғы № 2/7
шешімімен бекітілген

      Ордабасы ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Ордабасы ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнің 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына сәйкес әзірленген және Ордабасы ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау тәртібін белгілейді.

2. Иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау тәртiбi

      2. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендiрiледi.
      3. Иттер мен мысықтарды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар аудан аумағынан тысқары шығару, кiргiзу иттер мен мысықтардың «құтыруға қарсы егiлген» белгiсi бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етiледi.
      4. Мыналарға рұқсат етiлмейдi:
      1) тiркелмеген (есепке алынбаған) және ветеринарлық егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
      2) иттер мен мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң аулаларында, балалар ойнайтын, көпшiлiк шаралар өткiзiлетiн алаңдарда серуендетуге;
      3) иттердi тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;
      4) мас күйiндегi адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспiрiмдерге иттердi серуендетуге;
      5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және су алу орындарында иттер мен мысықтарды шомылдыруға;
      6) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;
      7) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң және жатақханалардың ортақ пайдаланатын орындарына ұстауға.
      5. Адамдарды немесе жануарларды тiстеген иттер және мысықтар тез арада оқшауланып, бақылау жасау үшiн жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесiне жеткiзiледi.
      6. Иттердi және мысықтарды ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағиданың талаптарын орындаған жағдайда мыналарға:
      1) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтерлерде), тек өзiнiң тұрғын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келiсiмi бойынша көршiлердiң дәрiгерлiк керi көрсеткiшi (ұшыну) болмаса ит пен мысықты тұратын тұрғын жайда ұстауға;
      2) иттердi тұмылдырықсыз және шылбырсыз елдi мекендерден тыс жерлерде, мал табындары мен отарларда бос ұстауға рұқсат берiледi.

3. Қорытынды ережелер

      8. Осы Қағиданы бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгiленедi.   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады