2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңының 12-бабының 3-тармақшасына сәйкес Ордабасы аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық жер қатынастары мен сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
1) 46,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Арыстанды ауылының жалпы ауданы 273,76 гектар болып;
2) 202,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Көкарал ауылының жалпы ауданы 382,01 гектар;
3) 19,3 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Елшібек Батыр ауылының жалпы ауданы 84,2 гектар;
4) 53,4 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Жамбыл ауылының жалпы ауданы 161,7 гектар;
5) 100,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөген ауыл округі Бөген ауылының жалпы ауданы 1023,9 гектар;
6) 151,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Сарытоғай ауылының жалпы ауданы 176,1 гектар;
7) 20,06 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Батыр-ата ауылының жалпы ауданы 151,06 гектар;
8) 10,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Қызыл Сеңгір ауылының жалпы ауданы 309,48 гектар;
9) 24,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Боралдай ауылының жалпы ауданы 373,13 гектар;
10) 532,98 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Темірлан ауылының жалпы ауданы 2902,92 гектар болып өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Д. Тлеубергенов
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
VІІІ сессиясының төрағасы С. Алтыбаев
Аудандық мәслихат хатшысы: П.С. Жұрман