Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімі аппаратының 04.02.2013 № 397 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмурадовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі: У.Қайназаров
Сайрам ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 2 ақпандағы
№ 95 қаулысымен бекітілген
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері
Р/с |
Ұйымдардың атауы |
Жұмыс түрлері |
Қоғамдық жұмыстардың көлемi |
Қоғамдық жұмысқа қатысушылар саны |
Қаржыландыру көздері |
1. |
Ауыл округтері әкімінің аппараттары |
Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтау |
тұрғындарды әр аула бойынша аралау және жұмыссыздар туралы мәлімет жинау (500 аула) |
17 |
Жергілікті бюджет |
2. |
Ауыл округтері әкімінің аппараттары |
Жолдарды жөндеу; Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, күтіп ұстау; Объектілерді салу және жөндеу |
2 км 500 дана 10 нысан |
155 |
Жергілікті бюджет |
3. |
Ауыл округтері әкімінің аппараттары |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру |
6 гектар |
150 |
Жергілікті бюджет |
4. |
«Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсету |
160 сағат |
17 |
Жергілікті бюджет |
5. |
Ауыл округтері әкімінің аппараттары |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету |
1200 дана іс құжат |
108 |
Жергілікті бюджет |
6. |
« Сайрам ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету |
1500 дана іс құжат |
15 |
Жергілікті бюджет |
7. |
«Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету |
800 дана іс құжат |
4 |
Жергілікті бюджет |
8. |
«Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету |
2000 дана іс құжат |
8 |
Жергілікті бюджет |
9. |
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сайрам филиалы |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету |
2500 дана іс құжат |
10 |
Жергілікті бюджет |
10 |
«Сайрам ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету |
2500 дана іс құжат |
10 |
Жергілікті бюджет |
11 |
«Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету |
2000 дана іс құжат |
40 |
Жергілікті бюджет |
12 |
«Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету |
700 дана іс құжат |
10 |
Жергілікті бюджет |
13 |
«Сайрам аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету |
600 дана іс құжат |
4 |
Жергілікті бюджет |
14 |
«Сайрам ауданының төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету |
600 дана іс құжат |
2 |
Жергілікті бюджет |
15 |
«Сайрам әкімдігінің «Сайрам «Болашақ» балалар сауықтыру лагері» мемлекеттік қоммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Балалар сауықтыру лагері аумағын көріктендіру, көгалдандыру |
7 гектар |
10 |
Жергілікті бюджет |
16 |
«Оңтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті Сайрам аумақтық бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету |
1500 дана іс құжат |
10 |
Жергілікті бюджет |
Барлығы: |
570 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар жұмыссыздардың жалақысына үстеме ақы белгілеуі мүмкін.