2012 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі N 418 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 мамырда N 14-10-188 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 4 ақпандағы № 397 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімі аппаратының 04.02.2013 № 397 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5,  7 баптарына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға Сайрам ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:
      1) аз табысты адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты, жұмыстан босатылған адамдар;
      13) ұзақ (он екі айдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      14) елу жастан асқан тұлғалар;
      15) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
      16) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
      17) кәсіби және техникалық, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері;
      18) жұмыссыз әйелдер.
      2. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Сайрам аудандық жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Б.Полатов) халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға шаралар көздесін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Р.Халмурадовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сайрам ауданы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы                  С.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады