Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2012.06.12 N 6-38-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабының 2 тармағына және 311 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бап, 1 тармақ, 8 тармақшасына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Сарыағаш ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы бекітілсін.
2. Қабылданған шешімнің орындалуын бақылау Сарыағаш аудандық ветеринария бөлімінің бастығы Б.Кокаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Е.Исахов
Аудандық мәслихат хатшысы Б.Каипов
Сарыағаш аудандық мәслихатының
2012 жылғы «11» қаңтардағы
№ 54-415-IV шешiмiмен бекітілген
Сарыағаш ауданында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау Қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Сарыағаш ауданында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес әзiрленген және Сарыағаш ауданында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау тәртібін белгілейді.
2. Жануарларды (ит, мысықтар) ұстау тәртiбi
1. Жануарлар (ит, мысықтар) жеке ветеринариялық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендiрiледi.
2. Жануарларды (ит, мысықтар) беру, сату, сатып алу, сонымен қатар аудан аумағынан тысқары, шығару және кiргiзу, жануарлардың (ит, мысықтар) «құтыруға қарсы егiлген» белгiсi бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етiледi.
3. Мыналарға рұқсат етiлмейдi:
1) тiркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
2) жануарларды (ит, мысықтар) көп пәтерлi тұрғын үйлердiң аулаларында, балалар ойнайтын алаңшаларда және көпшілік шаралар өткізілетін жерлерде серуендетуге;
3) иттердi тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;
4) мас күйiндегi тұлғалар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттердi серуендетуге;
5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және бастау көздерінде жануарларды (ит, мысықтар) шомылдыруға;
6) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;
7) жануарларды (ит, мысықтар) көп пәтерлi тұрғын үйлердiң және жатақханалардың ортақ пайдаланатын орындарында ұстауға, сонымен қатар сауда орталықтарының аумағына жетектеп әкелуге;
4. Адамдарды немесе жануарларды тiстеген иттер мен мысықтар тез арада оқшаулауланып, бақылау үшiн жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесiне жеткiзiледi.
5. Жануарларды (ит, мысықтар) ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Санитариялық - гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағиданың талаптарын орындаған жағдайда мыналарға:
1) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтерлерде), тек өзiнiң тұрғын жайында, пәтерде барлық тұрушылардың жазбаша келiсiмi бойынша көршiлердiң дәрiгерлiк керi көрсеткiшi (ұшыну) болмаса, иттер мен мысықтарды ұстауға;
2) иттердi тұмылдырықсыз және шылбырсыз елді мекендерден тыс жерлерде, мал табындары мен отарларда бос ұстауға рұқсат беріледі.
3. Қорытынды қағида
7. Осы Қағиданы бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес белгiленедi.