2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Созақ ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы N 14 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 30 қаңтарда N 14-12-134 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1776 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2012.08.03 № 1776 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан Республикасының 1995 жылы туылған 2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуі жүргізілсін.
      2. 1995 жылы туылған жастарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін мына құрамда тіркеу комиссиясы құрылсын:      

Асанов Бауыржан Максутханович

міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасы (келiсiм бойынша);

Сатыбалды Ағаділ Болатұлы

аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң маманы комиссия төрағасының орынбасары;

комиссия мүшелерi:


Құрбанов Сапар

аудандық iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары;

Қазбеков Мұхамеджан

аудандық емхана дәрiгер-терапевт, медициналық комиссияның төрағасы (келiсiм бойынша);

Байдуллаева Жанар

аудандық емхана мейiрбикесi, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша).

      3. Созақ аудандық емханасына (бас дәрігер Г.Аққозиева–келiсiм бойынша):
      1) 1995 жылы туылған азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру мақсатында медициналық комиссиясын қажетті медициналық құрал-жабдықтар және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
      2) тіркеу комиссиясының жолдамасы бойынша тіркелушілерді жедел түрде стационарлық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету;
      3) тіркелушілерді жалпы анализ тапсырудан, электрокордиологиялық және флюорографиялық тексеруден уақытылы және үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы Б.Асанов-келiсiм бойынша):
      1) тіркеуге алу кезінде Созақ аудандық білім бөлімімен бірлесіп, шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу;
      2) тіркеуді жүргізудің қорытындысы жөнінде және тіркеу комиссиясының атқарған жұмысы туралы аудан әкіміне 2012 жылдың 5 сәуіріне дейін ақпарат беру ұсынылсын.
      5. Созақ аудандық білім бөлімі (бөлім бастығы – Б.Жұмаділ) және ауыл округтерінің әкімдері:
      1) шақырылушы жастардың тізімдерін және құжаттарын Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсін, шақыру қағаздарын уақытылы тартылуын бақыласын;
      2) бекітілген кестеге сәйкес тіркелушілерді белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне алып келу және алып қайтуды бастапқы әскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушылары мен әскери есеп столының мамандары арқылы ұйымдастырсын.
      6. Созақ аудандық iшкi iстер бөлiмiне (бөлім бастығы С.Қасымбеков-келiсiм бойынша):
      1) тіркеуден жалтарғандарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізуге, сондай-ақ тіркеу уақытында шақыру пунктінде тәртіп сақтау үшін бір қызметкерді бөлуге көмек көрсету;
      2) 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      7. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясы мүшелерінің және медициналық қызметкерлердің шақыру учаскесінде жұмыс істеу уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсiн.
      9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Мейірбеков

      КЕЛІСІЛДІ:
      Созақ аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі бастығының
      міндетін уақытша атқарушы
      _______________Асанов Бауыржан Максутханович
      «17» қаңтар 2012 жыл

      Созақ аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      _______________Қасымбеков Сарсен
      «17» қаңтар 2012 жыл

      Созақ аудандық емхананың
      бас дәрігері
      _______________Аққозиева Гүлжанат
      «17» қаңтар 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады