Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 9/48-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 қарашада № 2121 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 38/179-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 38/179-V шешімімен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 10 желтоқсан 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378381,  383 баптарымен бекітілген жер салығының базалық ставкалары:
      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары - 30 пайызға;
      2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін және автотұрақтарға (паркингтерге), автомобиль май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары - 30 пайызға, Ленгір қаласының жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары - 50 пайызға;
      3) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары - 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә.Шыңғысбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады