Шүлбі шлюзінің учаскесінде Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы N 130 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 шілдеде N 2578 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнының Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекаралары жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шүлбі шлюзінің учаскесінде Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шүлбі шлюзінің учаскесінде Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В. Е. Чернецкий) Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорының Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекаралары жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Семей қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В. Л. Кошелевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев
      Келісілді:
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
      бассейндік инспекциясының бастығы Д. Тілеубаев
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      департаментінің директоры Т. Ерубаев

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы "14" маусымдағы
№ 130 қаулысына қосымша

Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

 
 
№ р/с
 
 
 
 
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені (метр)
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені (метр)
 
Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзені және Шүлбі су қоймасы, соның ішінде:
 
 
 
 
 
 
1
жоғарғы және төменгі жақын каналдарының сол жағалауы бойымен
3,686
186,
262
500-510
3,706
22,
149
55-90
2
жоғарғы және төменгі жақын каналдарының оң жағалауы бойымен
3,396
43,
116
17-267
3,396
43,
116
17-267

      
      Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнының Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекаралары бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады