Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Белгіленсін:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Риддер тау-кен байыту кешенінің "Вентиляционный" және "Обручевский" шахта діңдерінің құрылысы жобаланып отырған учаскеде Быстрый ключ және Безымянный бұлақтарының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Риддер тау-кен байыту кешенінің "Вентиляционный" және "Обручевский" шахта діңдерінің құрылысы жобаланып отырған учаскеде Быстрый ключ және Безымянный бұлақтарының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В. Е. Чернецкий) Долинный және Обручевский кен орындарының Быстрый ключ және Безымянный бұлақтарының ("Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Риддер тау-кен байыту кешенінің "Вентиляционный" және "Обручевский" шахта діңдерінің құрылысы жобаланып отырған учаскеде) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен алаңдарын анықтау және белгілеу жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Риддер қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В. Л. Кошелевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
Келісілді: | |
Су ресурстарын пайдалануды | |
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс | |
бассейндік инспекциясының бастығы | Д. Тілеубаев |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау | |
министрлігі Мемлекеттік санитарлық- | |
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің | |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша | |
департаментінің директоры | Т. Ерубаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы "14" маусымдағы № 132 қаулысына қосымша |
"Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Риддер тау-кен байыту кешенінің "Вентиляционный" және "Обручевский" шахта діңдерінің құрылысы жобаланып отырған учаскедегі Быстрый ключ және Безымянный бұлақтарының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
№ р/с | Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Соның ішінде су қорғау белдеуі | ||||
Шекарасының ұзындығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені (метр) | Шекарасының ұзындығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені (метр) | ||
| "Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Риддер тау-кен байыту кешенінің "Вентиляционный" және "Обручевский" шахта діңдерінің құрылысы жобаланып отырған учаскедегі Быстрый ключ және Безымянный бұлақтары | 5,6 | 115,2 | 410-660 | 5,8 | 19,7 | 70-140 |
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені Долинный және Обручевский кен орындарының Быстрый ключ және Безымянный бұлақтарының шекаралары мен су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің алаңдарын анықтау және белгілеу ("Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Риддер тау-кен байыту кешенінің "Вентиляционный" және "Обручевский" шахта діңдерінің құрылысы жобаланып отырған учаскеде) бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.