Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (ШҚО әкімі аппаратының 27.03.2013 N 6/5168 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес, «Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 51 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2569, 2012 жылғы 16 наурыздағы № 30 (16659) «Дидар», 2012 жылғы 17 наурыздағы № 31 (19171) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 2, 3 қосымшалары осы қаулыға 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 20 тамыздағы
№ 189 қаулысына
1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 5 наурыздағы
№ 51 қаулысына
2 қосымша
Тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға берілетін субсидияның
қалалар және аудандар бойынша 2012 жылға арналған көлемі
р/с |
Қалалардың, |
Тұқым |
Субсидия |
1 |
Семей |
1 |
12293 |
2 |
Бородулиха |
4 |
13307,5 |
3 |
Глубокое |
1 |
3616,1 |
4 |
Ұлан |
4 |
22662,4 |
5 |
Үржар |
1 |
1624 |
6 |
Шемонаиха |
1 |
960 |
облыс бойынша |
12 |
54463 |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 20 тамыздағы
№ 189 қаулысына
2 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 5 наурыздағы
№ 51 қаулысына
3 қосымша
Ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша сатылған бірінші,
екінші және үшінші репродукциялы тұқымдардың 1 тоннасына
берілетін субсидияның 2012 жылға арналған мөлшері
р/с |
Ауылшаруашылық |
Ауыл шаруашылығы |
||
I |
II |
III |
||
1 |
Күздік қара бидай |
18000 |
17000 |
16000 |
2 |
Күздік бидай |
18000 |
17000 |
16000 |
3 |
Жаздық бидай |
18000 |
17000 |
16000 |
4 |
Арпа |
14000 |
12800 |
12000 |
5 |
Сұлы |
14000 |
12800 |
12000 |
6 |
Қарақұмық |
20000 |
19000 |
18000 |
7 |
Бұршақ |
19200 |
18000 |
16800 |
8 |
Күнбағыс |
80000 |
70000 |
60000 |
9 |
Картоп |
38000 |
36000 |
28000 |
10 |
Көп жылдық шөп |
150000 |
148000 |
140000 |