РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, ономастикалық комиссиясының 2012 жылғы 5 сәуірдегі қорытындысына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 16 тұрғын ауданы А.С. Куленовтың есімімен аталсын.
2. «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевке және Өскемен қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттік, бюджет және әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.А. Құрманғалиев) жүктелсін.
4. Осы қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі |
Сессия төрағасы |
С. Тәукебаев |
И. Потапов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
|
В. Головатюк |