2013 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 4707 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 желтоқсанда № 2790 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Өскемен қаласы әкімі аппаратының 2014 жылғы 18 ақпандағы N Шн-5/70 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Өскемен қаласы әкімі аппаратының 18.02.2014 N Шн-5/70 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)14-1)  14-3)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      15) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
      16) 50 жастан асқан әйелдер;
      17) 55 жастан асқан ерлер;
      18) басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары.
      2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Өскемен қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары О.А. Желяковаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Өскемен қаласының
      әкімі                                      С. Тәукебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады