Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2012.09.14 N 9 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17, 18-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеу жүргізілетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
2. Есепке тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында «Семей қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесін дайындау ұсынылсын.
3. Семей қаласы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ғ. Ә. Жуасбаеваға жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандардың қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері:
1) әскерге шақырылуға дейінгі азаматтарды комиссияға арнайы жабдықталған автобустарда ауылдық әкім орынбасарларының немесе әскери-есеп үстелдері инспекторларының бірге алып жүруімен жеткізуді ұйымдастырсын;
2) әскерге шақырылуға дейінгі азаматтарды тасымалдау кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмайтын шараларды қабылдасын.
5. Білім мекемелерінің басшылары тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына көрсетілген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
6. Семей қаласының ішкі істер басқармасының бастығы Е. С. Сыдыковқа тіркеу кезеңінде шақыру учаскесінде кезекшілік атқару үшін полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын.
7. Осы шешімнің атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
8. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі А. Кәрімов
Келісілді:
Семей қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасының бастығы Р. Нұралиев
Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер
Департаменті Семей қаласының ішкі
істер басқармасының бастығы Е. Сыдықов
Облыстық денсаулық сақтау
басқармасы бастығының
Семей өңірі бойынша орынбасары Ғ. Жуасбаева
Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуді өткізу туралы
Күшін жойғанШығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 ақпанда N 5-2-154 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі N 9 шешімімен
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз