Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2013.03.26 N 1401 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 бабы 3 тармағына, 28 бабы 1, 3 тармағына, 30 және 31 баптарына, «Әскери қызметінің белгілеген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 Жарлығына, «Әскери қызметінің белгілеген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 «Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2. Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Наиль Амирович Рахимовқа мемлекеттік мекемелермен бірлесіп Қазақстан Республикасының қарастырылған заңнамасының құзыреті аясында әскери қызметке шақыруға байланысты іс шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі А. ГЕНРИХ
«Келісілді»
«Курчатов қаласының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы _______________ Н. Рахимов
2012 жылғы 11 қыркүйек
2012 жылы ер азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Күшін жойғанШығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі N 1170 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қыркүйекте N 2674 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы N 1401 қаулысымен
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз