Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі N 1173 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 8 қазанда N 2691 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы № 487 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 04.12.2014 № 487 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16 бабына, 29 бабының 6 тармағына, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңының 11 бабы 1 тармағына, 13 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтуға құқы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (ары қарай – әлеуметтік көмек).
      2. Айына әрбір мүгедек балаға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      3. Келесі шарттар бекітілсін:
      1) Мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толық мемлекеттің қарауындағы мүгедек балалардан басқа) үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-анасының біріне және олардың басқа да заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз түрде берілсін.
      2) Әлеуметтік көмек жүгінген айдан бастап «Облыстың білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық ведомствоаралық кеңестерді бекітуде анықталған мерзімге дейін берілсін.
      3) әлеуметтік көмекті төлеу қаражаттың түсу шарасы бойынша өткен айға төленеді. Әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтататын жағдай болса (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, қаза табуы, мүгедектіктен алынуы) төлем жағдайы туындағаннан кейінгі айда тоқтатылады.
      Ескерту. 3-тармақтың 1-тармақшасы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2013.01.24 N 1297 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.А. Әбдікәрімов әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      5. «Курчатов қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.У. Уағызов жергілікті бюджетте қарастырылған қаражаттың шегіндегі міндеттер мен төлемдер бойынша мәселені шешсін.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Елена Васильевна Старенковаға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Курчатов қаласының әкімі

А. ГЕНРИХ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады