Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Риддер қаласының әкімі аппаратының 02.04.2013 N 2-22-2012 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға Риддер қаласы бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
4) кәмелеттiк жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
6).зейнеткерлiк жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босатылған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;
14) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
15) 50 жастан асқан әйелдер;
16) 55 жастан асқан ерлер;
17) басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары;
18) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер.
2. «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Риддер қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Р.В. Дюсебаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі М. Сапарғалиев