Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2012.05.02 N 248 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес Аягөз ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылғы қаңтар-наурызда 2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу «Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қабанбай батыр атындағы көшесі № 44 мекен-жайы бойынша шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
2. «Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. «Аудандық медициналық бiрлестiгi» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшiн дәрiгер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлерінің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары C. Ысқақовқа жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз ауданының әкімі Ә. Мұхтарханов
Келісілді:
Аягөз қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріккен бөлімі,
подполковник М. Жақашев
18.01.2012 ж.
Аягөз аудандық медициналық
бірлестігінің бастығы Ж. Жұмаханов
18.01.2012 ж.