Аягөз ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 04 мамырдагы N 254 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 28 мамырда N 5-6-161 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы N 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 27.02.2013 N 92 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамту саясатын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Е. Қуанышевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                Ә. Мұхтарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады