Сноска. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 19.03.2014 № 24/9-V шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.
Мемлекеттік денсаулық сақтау және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген көлемде беріледі.
Мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 8600 (сегіз мың алты жүз) теңге мөлшерінде беріледі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Глубокое аудандық мәслихатының 12.07.2013 № 17/5-V (жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Г. Абильмажинова
Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов