Біржолғы талондардың құнын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 маусымдағы N 3/33-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 19 маусымда N 5-10-133 тіркелді. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 8/75-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2012.12.21 N 8/75-V шешімімен (2013.01.01 бастып қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Жарма ауданының базарларының аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Жарма ауданы бойынша қызметтері эпизодтық сипатта болып Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандар үшін біржолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. «Күнделікті бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 қазандағы № 15/7-ІV шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 25 қарашада № 5-10-90 тіркелген, «Қалба тынысы» газетінде 2009 жылғы 27 қарашадағы № 48 санында жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            Қ. Нұртазин

      Мәслихат хатшысы                           Н. Есполов

Жарма аудандық мәслихатының
2012 жылғы 5 маусымдағы
№ 3/33-V шешіміне 1 қосымша

Жарма ауданының базарларының аумағындағы дүңгіршектердегі,
стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы
қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке
кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін
біржолғы талондардың құны

Кәсіпкерліктің түрі

Бір жолғы талонның құны, теңге

1

Ет 1 орын

534

2

Азық-түлік тауарлары

421

3

Өнеркәсіп тауарлары

275

4

Күнбағыс майы

243

5

Көкеніс пен жеміс (4 ш/м)

275

6

Балмұздақ (1 тоңазытқыш)

210

Жарма аудандық мәслихатының
2012 жылғы 5 маусымдағы
№ 3/33-V шешіміне 2 қосымша

Жарма ауданы бойынша қызметтері эпизодтық сипатта болып
Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандар үшін
біржолғы талондардың құны

Кәсіпкерліктің түрі

Бір жолғы талонның құны, теңге

1

Сату (стационарлық үй-жайларда жүзеге асыратын қызметтерді қоспағанда)


1.1

Тұқым сондай-ақ отырғызу материалдары (тікпе көшет, көшет)

81

1.2

Бақша дақылдарын сату

340

1.3

Қосалқы ауыл шаруашылығы, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері

162

1.4

Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп

809

1.5

Сыпыртқылар, сыпырғылар

81

1.6

Орман жеміс-жидектері, бал, саңырауқұлақтар

81

1.7

Балық

243

2

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері

243

3

Үй жануарлары мен құстарын бағу

162

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады