Жарма ауданының Қалбатау ауылдық округiнiң Қапай батыр ауылында шектеу іс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 қарашадағы N 251 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 21 қарашада N 2725 тіркелді. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2012.12.21 N 297 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң «Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбелерiн бекiту туралы» 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 7583 болып тіркелді) бұйрығы негізінде, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарма ауданының Қалбатау ауылдық округiнiң Қапай батыр ауылында iрi қара малдар арасында сарып ауруының шығуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимi белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Жарма аудандық аумақтық инспекциясының бастығы (Ж. Саржақов), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлiгiнiң мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментiнiң Жарма ауданы бойынша басқармасының бастығы (Б. Ахмадиева) тиiстi iс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жарма ауданының әкiмiнiң орынбасары Н. Шалтабановқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
 

      Жарма ауданының әкімі                      Т. Қасымжанов

      Келісілді:

      "Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы Министрлігінің
      ветеринариялық қадағалау және бақылау
      комитетінің Жарма аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж. Саржақов

      07.11.2012 ж.

      Жарма ауданы бойынша
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау бөлімінің бастығы                Б. Ахмадиева

      07.11.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады