Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 ақпандағы N 970 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 30 наурызда N 5-12-133 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 13.11.2014 N 2718 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 13.11.2014 N 2718 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабына сәйкес әкiмдiк ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қосымшаға сәйкес Зырян ауданындағы қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Зырян ауданының әкiмi

Е. Сәлімов


Зырян ауданы әкімдігінің 
2012 жылғы 23 ақпандағы 
№ 970 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi

      1. Мұздан аумақты тазалау.
      2. Қардан аумақты тазалау.
      3. Қоқыстан аумақты тазалау.
      4. Тұрмыс қалдықтарынан аумақты тазалау.
      5. Арамшөптен аумақты тазалау.
      6. Жас бұтақтарды кесу.
      7. Ағаштарды кесу.
      8. Ағаштарды ағарту.
      9. Ағаш отырғызу.
      10. Гүлбағын бөлу.
      11. Гүлзарды қолмен қазу.
      12. Шөпті шабу.
      13. Ғимаратты ағарту.
      14. Ғимаратты сырлау.
 
 

      Зырян ауданы әкім
      аппаратының басшысы

А. Светаш


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады