Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Зырян ауданының әкімі аппаратының 2013.01.22 N 07-06/59 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Еңбек нарығындағы жағдайдың және жұмыспен қамту аясында қосымша мемлекеттік кепілдемені қамтамасыз ету есебімен жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының, 7-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының келесі мақсатты топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) 50 жастан асқан тұлғалар;
14) мектептерді, кәсіби оқу орындарын бітірген түлектер;
15) АИТВ-инфицированды, есірткіге құмар азаматтар;
16) жазғы каникул уақытындағы студенттер;
17) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
18) «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
19) басымды мамандықтар (кәсіптер) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасының қатысушылары;
20) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Зырян ауданы әкімдігінің 2012.08.06 № 1326 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) тұрғындардың мақсатты тобына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту жөніндегі шаралар қабылдасын;
2) тұрғындардың мақсатты тобына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға ықпал көрсетсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары Қ.Ш. Ерембесовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов