"Бостандығынан айырған орындардан босатылып келген тұлғаларға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2010 жылғы 13 қазандағы № 129 және "2012 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы" 2012 жылғы 21 мамырдағы № 1170 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 06 тамыздағы N 1326 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 05 қыркүйекте N 2643 тіркелді. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 наурыздағы N 1769 қаулысымен

      Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 20.03.2013 N 1769 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағын, 7-бабының 2)5-5) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зырян ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      «Бостандығынан айырған орындардан босатылып келген тұлғаларға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2010 жылғы 13 қазандағы № 129 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 19 қарашасында № 5-12-113 тіркелген, 2010 жылдың 26 сәуірдегі № 50 «7 дней» газетінде жарияланған) 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      «1. Бостандығынан айырған орындардан босатылып келген, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарының жалпы есебінен бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квоталары белгіленсін.»;
      «2012 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы» 2012 жылғы 21 мамырдағы № 1170 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 15 маусымда № 5-12-141 тіркелген, «Пульс! Зыряновска» және «Көктас таңы» 2012 жылғы 21 маусымда № 25 газетінде жарияланған) 1-тармағы келесі мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
      «20) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар.».
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Ерембесовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Зырян ауданының әкімі                      Е. Сәлімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады