№ 3 сайлау округі бойынша Зырян ауданы мәслихатының депутаттығына кандидаттарға үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі N 1419 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 01 қазанда N 2683 тіркелді. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 1616 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2012.12.20 N 1616 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен ұсынылған № 3 сайлау округі бойынша шығып кеткеннің орнына Зырян ауданы мәслихатының депутаттығына кандидаттарға үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізімін қарастырып, «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, барлық кандидаттар үшін бірдей құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес № 3 сайлау округі бойынша Зырян ауданы мәслихатының депутаттығына кандидаттарға үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Зырян қаласының әкімі үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды жабдықтармен қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Зырян ауданының әкімі                      Е. Сәлімов

      КЕЛІСІЛДІ

      Зырян аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы              А. Жүнісов

      2012 жылғы 14 қыркүйек

Зырян ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 1419 қаулысына қосымша

№ 3 сайлау округі бойынша Зырян ауданы мәслихатының
депутаттығына кандидаттарға үгіт баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар
тізбесі

Рет

Елді мекеннің
атауы

Үгіт баспа материалдарын орналастыру
үшін орындар

1.

Зырян қаласы

Аудандағы ақпараттық стендтер:
қаланың оңтүстік (Зыряновский көшесінде), орталық (Совет көшесі, Ленин көшесі, Пролетарский көшесі мен Бурнашов бульварының қиылысы) бөлігіндегі автобус аялдамаларында; Совет көшесі бойындағы, орталық базарына жататын аймақтағы екі хабарландыру тумбасында, Совет көшесі

2.

Зырян қаласының Грехово тұрғын алабы

Королев көшесіндегі 12 үй дүкенінің аумағындағы ақпараттық стенд

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады