Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 13.11.2014 N 2718 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2005 жылғы 13 сәуірдегі 16-бабына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі- әлеуметтік көмек).
2.
Әрбір мүгедек-балаға ай сайын 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек ұсынылсын.
3.
Келесі шарттар бекітілсін:
1) мүгедек-балаларға (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек-балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасы табысына қарамастан, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балалардың ата-анасының біреуіне және заңды өкілдеріне төленеді;
2) әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап «Шығыс-Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген хабарласу айынан бастап мерзім біткенге дейін ұсынылады;
3) әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуіне байланысты жүргізіледі. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға алып келген жағдайлар болған кезде (мүгедек-баланың 18 жасқа толуы, мүгедек-баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау) төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
4.
Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш. Ерембесовке жүктелсін.
5.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданы әкімінің |
Н. Игнашин |