Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы Прибрежный кенті Заводинка ауылының көшелеріне атау ұсыну туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Прибрежный кенті әкімінің 2012 жылғы 22 мамырдағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 20 маусымда N 5-12-146 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2 тармағына, 1993 жылдың 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес Заводинка ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Прибрежный кентінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Заводинка ауылындағы Бұқтырма су қоймасы жағалауының батыстан шығысқа қарай орналасқан атаусыз көшеге - Центральная атау ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Әкім міндетін атқарушы                     Ж. Айтуарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады